33
1.
Ісіктер этиологиясы, клиникасы, анықтауы?
2. Қатерлі ісіктердің жіктелуі?
3. Қатерлі ісіктердің емі?
Дәріс № 11
Рефлекстік терапия және Акупунктура туралы ұғым.
Мақсаты: Ветеринарияда белсенді нүктелерге әсер ете отырып емдеу үрдістерін
меңгеру. Ол үші шығыс теориялары мен Рефлекстік терапия және Акупунктура туралы
ұғымдарды студенттерге таныстыру қажет.
Кілт сөздер: рефлекстік терапия, акупунктура,
ине шаншу, шығыс және қытай
теориялары.
Жоспары:
1. Рефлексотерапияның негіздері.
2. Белсенді нүктелерге әсер етуі.
3. Инемен және күйдіріп емдеу.
Акупунктура, емдеу әдісі ретінде барлық жауарлар түрлері үшін
қолайлы және
оларды іс жүзінде барлық жұқпалы емес ауруларын емдеуге қолануға мүмкіндік береді.
Акупунктура нәтижесі ең алдымен нүктелерді дұрыс таңдауға байланысты.
Акупунктураны енгізудің әлемдік тәжірибесі жедел түрде әдістемені арнайы курстарда
оқыту арқылы табысты меңгеруге негіз береді.
Қазіргі уақытта акупунктураның әрекет ету механизмін түсіндіретін
жалпы
танылған теория жоқ. Батыс зерттеушілерінің Қытай концепцияларын, акупунктураны
қабылдамауы жүйкелік жаңа зерттеу әдістері туғызуға түрткі болды.
Нәтижесінде
рефлекторлық теория пайда болды, ал әдістің өзін Рефлексотерапия болмаса рефлекторлы
- тармақты немесе рефлекторлы - пунктуралық терапия деп аталды.
Нәтижесінде акупунктураның әрекет ету механизмін түсіндіру үшін екі теориялық
негіз қалыптасты:қытай немесе ежелгі шығыс және батыс. Екіншісі көптеген зерттеушілер
қазіргі заманғы теория деп атап жүр.
Құбылыстың мәнін тану үшін аталған теориялармен және акупунктура нүктелері
бойынша терапияның ерекшеліктерімен қысқаша танысу,
сондай-ақ арнайы бөлікте
акупунктураның әрекет ету механизмі туралы өз түсініктерін баяндау қажет деп санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: