19
Патогенезі. Патогенді агенттің қан тамырлар жүйесіне енуі қабынған,
зақымдалған ошақтарда жүреді. Алғашқы зақымдалған ошақ теріде, кілегей қабықтарда,
тыныс алу жолдарында, ас қорыту трактісінде және т.б. мүшелерде болуы мүмкін.
Патологиялық агент ұзақ
уақыт кірген жерінде сақталады, егер дер кезінде
жойылмаса қан тамыр жүйесіне енеді. Аурудың дамуы келесідей сатылардан тұрады:
1.
Инкубациялық кезең. Патогенді агентке қарсы организм өзінің қорғаныстық
қызметін іске қосады. Көп көлемде иммунокомпонентті клеткалар, иммуноглобулиндер,
қабынудың химиялық медияторлары бөліне бастайды. Организмнің иммунды жауабы ұзақ
уақыт симптомсызөтеді. Қан тамырлар жүйесінде бір шетінен патогенді агент және оның
токсиндері жиналса, екінші шетінен оларға қарсы иммуноглобулиндер және қабынудың
химиялық медаторлары жиналады. Қан тамырлар бойында
екі жақтыңда агенттері көп
көлемде жиналғанда организмде антиген-антидене кешеніне ұқсас реакция пайда болады.
Бұл реакция ариола, капиляр, венулалардың ішкі қабырғасында дамып, соның салдарынан
жіті инфекциялық
васкулит ауруы пайда болады. Осы кезеңнің барлығы, яғни васкулит
пайда болғанға дейінгі уақыт инкубациялық кезең деп аталады. Бұл кезеңде ешқандай
клиникалық белгілер болмайды. Кезңнің ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше айларға дейін
созылады.
2.
Продромальды кезең. Ұсақ қан тамырларда инфекция-аллергиялық васкулиттің
дамып жатқанын, тек сол жердегі қан ағыстың төмендегенімен,
инфекциялық агенттің
көбейгенімен ғана біле аламыз. Инфекттің және токсиндердің әсерінен алғашқы
клиникалық белгілеркөріне бастайды: әлсіздік, еңбекке қабілетілігінің төмендеуі, дене
температурасының сәл жоғарылауы. Клиникалық белгілер көрінгеннен бастап, антиген-
антидене реакциясының жапай дамуына дейінгі кезеңді продромальды кезең деп атайды.
Ұзақтылығы бірнеше күнен бірнеше аптаға дейін.
3
. Аурудың үдеген кезі немесе мүшелердің жіті зақымдалу кезеңі.
Клеткаларда
дистрофиялық өзгерістер дамиды, аяғы атрофиямен немесе некрозбен аяқталуы мүмкін.
Некроздалған аймақтар уақыты өте келе фиброзды ұлпамен ауысады немесе
трансудаттпен толады. Ядро ыдырайды, цитоплазма,бұлшықет, жүйке жасушалары және
т.б. ыдырай бастайды. Қан тамырларда қанның аз ағуынан мүшелерге
қан жеткілікті
бармайды. Атрофия жіті дамиды.
4.
Аурудың ақыры немесе жіті қабынған мүшелердің қалпына келуі. Егрде летальді
жағдай тумаса, онда уақыт өте келе емдеу шараларының әсерінен инфекциялық агент
өлмесе де қызметінтоқтатады. Тамырлардың қабырғаларының домбығуы азайып,
өткізгіштігі қалпына келеді.
Достарыңызбен бөлісу: