Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет5/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
 
Бақылау сұрақтары: 
1. Хирургиялық патологиялардың түрлері? 
2. Аллергияның пайда болу механизмдері? 
3. Антигистаминдер. 
Дәріс № 2 Хирургиялық аутоиммундық аурулар 
Мақсаты: Хирургиялық тәжірбиеде кездесетін аутоиммундық аурулар туралы 
студенттерге мағлұмат беру. 
Кілт сөздер: аутоиммундық, аутоантидене, иммундық кешен, иммунопатология. 
Жоспары: 
1. Аутоиммундық аурулар туралы түсінік. 
2. Тері және бұлшық еттердің аутоиммундық аурулары. 
3. Буындардың аурулары. 
Аутоиммундық аурулар иммундық жүйенің зақымдалуынан пайда болады, бұл 
кезде организмде өзіне меншікті мүшелері мен ұлпаларына қарсы патологиялық титрде 


18 
аутоантиденелер түзіледі. Өзін-өзі жойу механизімі іске қосылады, яғни иммундық жүйе 
организмге қарсы жұмыс істейді. 1998жылы Дж. Пфейфер ұсынған. 
Организмнің өз антигендеріне қарсы бағытталған иммунды жауабының 
нәтижесінде оның ағзаларында, ұлпаларында және торшаларында пайда болатын 
патологиялық процестер аутоиммунды аурулар деп аталады. Дж. Пфейфердің пікірі 
бойынша аутоиммунитет регуляторлы механизмдердің бұзылуымен, аутореактивтердің 
ұзақ тұруымен сипатталатын организм толеранттылығының айнасы.
Аутоиммунды аурулар иммундық жүйенің зақымдануы салдарынан туындайды
яғни организмде патологиялық титрде аутоденелер пайда болып, өзінің органдары мен 
ұлпаларына қарсы жұмыс істейді. Организмде жою механизмі іске қосылып, иммундық 
жүйе өзіне қарсы тұрады. Жануарлардың аутоиммундық аурулары кеңінен таралған және 
көптеген патологиялардың жанама себептері болып табылады. Аутоиммундық 
аурулардың шығу тегі жануарлардың генетикалық факторларымен тығыз байланысты
жануарлардан қалыпты емес ұрпақтар тобы өрбиді. Малдың өнімділігі азайып, 
экономикалық шығынға ұшыратады, көп жағдайларда өліммен аяқталады. 
Аутоиммунды патологиялар мынадай функционалдық- құрылымдық бұзылыстар 
кезінде пайда болады: аутоиммундық толеранттылық механизмдері бұзылғанда, тосқауыл 
ұлпалары зақымданғанда, ұлпалық антигендердің антиденелермен қиылысу реакциялары 
дамығанда. Бір ескеретін жағдай, аутоиммундық аурулар этиотропты ем жүргізген соң да 
өршуін тоқтатпайды, сәйкесінше иммундық жүйе бұрынғы қарқындылықпен өзінің 
ұлпалары мен мүшелеріне қарсы жұмыс істейді. Емдеу және алдын – алу шаралары әлі 
толық зерттелмеген. 
Пайда болған аутоантиденелер алдымен деградацияға ұшыраған бөгде ұлпалармен 
реакцияға түсіп, олар жойылысымен сау ұлпаларға шабуыл жасайды. Жанурлардың 
аутоиммундық аурулары кеңінен таралған, көп жағдайда белгілі бір аурудан кейін, 
екіншілік ауру ретінде дамиды. Көптеген аутоиммундық аурулар тұқым қуалайды, 
созылмалы түрде өтеді, тез асқынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет