Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»


Аллергиялық аурулардың этиологиясы және патогенезі



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Аллергиялық аурулардың этиологиясы және патогенезі. 
Аллергия (греч. allos – бөгде, ergon - әсер етемін), яғни иммундық жүйеге және 
иммундық реакцияға басқалай әсер ететін антигендердің жиынтығы. Ол антигендерді 
гаптендер д.а. 
Аллергия немесе “тітіркену” үғымын 1906 жылы австриялық патологанатом және 
балалар дәрігері Клемансом Пирке ұсыныған болатын.
Барлық аллергиялық ауруларды біріктіретін негізгі ұғымдар: 


17 
1) Әртүрлі аллергендердің этиологиялық ролі. 
2) Иммунологиялық даму механизмі. 
3) АГ+АТ немесе АГ кешендерінің зақымдап, лимфоциттерге әсер етуі. 
Сенсибилизация (иммунитеттеу) ауру туғызбайды - тек иммунитет тудырған антигенмен 
қайта, екінші рет кездескенде қорғаныстық реакция емес, қарама-қарсы жағымсыз реакция 
– аллергия туындайды. 
Химиялық құрамы бойынша аллергендер – ақуыз, ақуызды-полисахаридті кешен 
немесе полисахаридті лимфойдтармен қосылысы. 
Аллергияны туғызатын сыртқы орта факторлары: 
1) Көптеген жұқпалы ауруларға жүйелі түрдегі міндетті вакцинация: (сібір жарасы, 
аусыл, құтық және т.б.); 
2) Емдік мақсатта кең қолданылатын гипериммунды қан сарысулары. Олар өздері 
аллерген болып келеді және сонымен қатар қан сарысулары ауруын дамытады
3) Ауыл шаруашылығында арам шөптерге, зиянкестерге қарсы қолданылатын 
химиялық заттар (пестицидтер және гербицидтер, антигельметиктер); 
Аллегориялық реакция – бұл жіті қабыну реакциясы, онда барлық белгілері, тіпті 
клеткалардың альтерациясы толық байқалады.
Аллергендер экзо- және эндогенді болады. Аллергендер өзінің әсерін тіпті аз 
көлемде де жақсы көрсетеді, мысалы аллергиялық реакцияны шақыру үшін бір молекула 
жеткілікті. Мал дәрігерлік тәжірибеде аллергендердің келесідей топтарын ажыратады: 
1). Ингаляциялық. Жануарлар тыныс алғанда организмге түсетін өсімдіктер 
тозаңдары және азықпен түсетін тозаңдардың (саңырауқұлақтар, шөпте, дәнді азықтар
және малдан шығатын нәжіс, паразиттердің, кенелердің) қалдықтары.
2). Алиментарлы. Негізінен азықпен және сумен организмге түседі. (малдан 
шығатын ки, уақ саңырауқұлақтар, өсімдіктер, консерванттар және азықтардың дәм 
келтіргіш биологиялық қосымшалары, пестицидтер және тыңайтқыштар). 
3). Ятрогенді (дәріліктер). Емдік - профилактикалық айла әрекеттер жасағанда 
организмге енеді. (ауыз арқылы, ауыздан тыс, ректальді). Ең көп аллергия туғызушылар: 
антибиотиктер, 
сульфаниламидтер, 
миорелаксантар, 
антигельминтиктер, 
залалсыздандырғыш заттар, стероидсыз қабынуға қарсы дәрілер . 
4). Инфекциялық және инвазиялық. Ауру немесе ауырып жазылған жануарлармен 
контактіге 
барғанда 
организмге 
енеді. 
Аллергендер 
микроорганизмдердің, 
микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың метаболизмі әсерінен п.б. мүмкін. 
5). Өнеркәсіптік - техногендік. Оларға полимерлік материалдар, химиялық қосулар, 
улағыш қалдықтар жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет