Нүктелі массаж. Массаждың бұл түрі басқалардан өзгеше. Нүктелі массаж организмнің
биологиялық активті нүктелеріне әсер етеді (2-10 мм). Клиникалық тәжірибе және
эксперименталды зерттеулер нүктелі массаждың әсерінен организмде айтарлықтай
өзгерістер болатынын дәлелдеді. Массаж жасаған нүктеде терінің температурасы
көтеріліп, электр өткізгіш қабілеті жоғарылайды. Оны жылжымалы тобископ деген
прибор арқылы оңай анықтауға боладьі. Нүктелі массажды басқаша акупунктура немесе
акупрессура деп те атайды. Нүктелі массаж инемен емдеу әдісіне ұқсас, жүйке ұштарын
тітіркендіреді. Биологиялық активті нүкте Захарьин-Гед белдеуімен үнемі сәйкес
келмейді. Нүктелі массаж жасағанда әр түрлі тәсілдер қолданылады. Оның екі түрі бар:
қоздыру және тежеу. Тежейтін нүктелі массаж бұлшық етті босатуға және ауырған жерді
басуға бағытталады. Ол үшін бір нүктені—1,5 минут саусақпен нығарлап басып отырып.
оң жаққа бұрайды (бұранда кіргізгендей), одан соң керісінше 6ұрап саусақты босатқандай
басады. Арасында сәл кідіреді.
Қоздыратын нүктелі массаж Бұлшық етті қатайту үшін (әлсіреп босап кеткенде) колданылады. Ол үшін
саусақты бір нүктеге қадап 20—30 секунд дірілдетеді. Әрбір осындай қимылдан соң
қолды жылдам жұлып алады. Әрқайсысын 3 —4 рет қайталайды. Қазіргі кезде
ғалымдардың айтуынша, адам бойынан 695 нүкте табылған. Олардың тек 140— 150-ін
ғана массажға колданып жүр. Соньң өзінде көптеген нүктелер өте сирек пайдаланылады.
Нүктелі массаждың қасиеті нүктенің орналасқан жеріне, күшіне және ұзақтығына тікелей
банланысты. Ол бір, екі, үш... саусақтармен немесе вибрациялық аппаратпен орындалады.
Нүктелі массаж әр түрлі ауруларды емдеуге, спортта тірек-қимыл, буын зақымданған
кезде немесе классикалық массаждың алдында денені босаңсытуға, биологиялық активті
нүктелердің, тиімділігін арттырьш, басқа бір нүктелердің жұмысын тежей тұру тәсілімен
қолданылады.