Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
УМКД 19-2020 ӨЖТХ

Массаждың түрлері 
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және 
спорттық массаждар.
Емдік массаж 
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер 
тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторин-
профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты 
қадағалап отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен, 
физиотерапиялық емдік гимнастикалармен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып 
кетуіне толық мүмкіндік бар. Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурудың 
түріне, зақымданған не жарақаттанған жерге байланысты. Мәселен жүрек-қан тамыр 
ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты, гипертония, гипотония ауруларында) бір 
түрлі массаж, тыныс алу жолдары ауырғанда — басқа түрі, орталық не шеткері жүйке 
жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж операцияға дейін, 
одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы, әр аурудың өзіне тән қолданатын массаждың 
тәсілдері, методикасы бар.
Гигиеналық массаж 
Массаждың бұл түрі сау жануардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу 
үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе 
жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. 
Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде 
жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені 
сергітуге арналған.
Сегменталды массаж 
Жұлыннан шыққан жүйке талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне 
(тері, бұлшық ет, ұлпалар т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда жануардың сыртқы және ішкі 
органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш 


43 
орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай 
отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі 
сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, 
анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан 
авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды. Көп ғалымдардың 
зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы 
жұлыннан шыққан бірыңғай жүйке талшықтары және шеткері вегативтік жүйкелер 
арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді 
қабат, дәнекер ұлпа, тамырлар, сүйек — барлығы жүйке талшықтары арқылы ішкі 
ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір 
жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға 
беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа 
қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, 
температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық 
байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі 
органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы 
күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. 
Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы 
сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол 
үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет