Білім беру бағдарламасы бойынша php тілінде бағдарламалау пәнінің ОҚу жұмыстық бағдарламасы (Syllabus )


Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі орны



бет2/7
Дата26.06.2023
өлшемі63,33 Kb.
#103437
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
1. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның оқу үрдісіндегі орны:
1.1. Пәннің мақсаты
Студенттердің PHP тілінде веб-беттерді құрастыруды үйренуге арналған пән. Пән аймағында студенттер РНР бағдарламалау тілімен танысып, компьютерде сайттар құру принциптерін игеріп, соларды өздерінің болашақ мамандықтарында пайдалану. Пәнді оқытуға қойылатын талап – РНР бағдарламаларын құрудың әдістері мен тәсілдерімен танысу.
1.2. Пәннің оқыту міндеті:
білім деңгейінде:

  • есептерді шешу алгоритмдерін құра білу;

  • алгоритмдерді құру әдістерін және маңызды тәсідерін білу;

  • пәндік салада есептерді шешу үшін нысанды бағытталған бағдарламалау тілдерін қолдана білу;

білік деңгейінде:

  • бағдарламалардың қолданбалы пакеттерін құру;

  • нысанды бағытталған бағдарламалауда тәжірибелік дағды алу;

танысу деңгейінде:

  • Web бағдарламасын және талдау негіздерін зерттеу;

  • РНР-дағы WEB бағдарламасын қолдайтын осы заманғы тілдерді және бағдарламалау орталарын пайдалану;

1.3. Пәннің оқу үрдісіндегі орны

  • кәсіптік;

  • элективті;

  • пререквизиттер:Бағдарламалау тілдері мен технологиялары;

  • постреквизиттері: Дипломдық жұмысты дайындау;

студент білуі тиіс:

  • web бетті бағдарламалаудың замануи тілдерін, олардың құрылымын және құру принциптерін;

  • функционалдық-модульдік логикадағы РНР тілінің жалпы синтаксисі;

  • РНР тілін қолдана отырып, web-қосымшалардың серверлік бөлігін құру принциптері;

  • РНР-скрипттерді дайындау және жөндеу тәсілдері;

  • PHP көмегімен web-қосымшалардың клиенттік бөлігін құру принциптері;

  • бағдарламалау бойынша алынған білімді басқа міндеттерге және басқа даму құралдарына көшіру тәсілдері.

орындай алуы тиіс:
- веб беттерді құруда PHP тілінің мүмкіндіктерін пайдалану;
- РНР тілінде сценарийлерді әзірлеуді (кодты жазу және күйін келтіру) орындау;
- РНР тілі арқылы негізгі алгоритмдік конструкцияларды жүзеге асыру;
- РНР - ға қатысты анықтамалық материалдарды пайдалану;
- анықтамалық материалдарды пайдалана отырып РНР кітапханалық функцияларын қолдану;
- РНР тілін пайдалана отырып, интернет-сайт деңгейіндегі web-қосымшаларды өз бетінше құру;
- жасалған web-қосымшаны нақты web-серверге көшіру.
меңгеруі тиіс:

  • РНР тілінде веб бетті бағдарламалау;

- РНР көмегімен веб-қосымшаның пайдаланушы интерфейсін қалыптастыру дағдылары;
- web-сервермен жұмыс істеу дағдылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет