«Мектептегі тарих сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» педагогтердің біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы бойынша сабақ жоспарының таныстырылымын бағалау критерийлері
Сабақ жоспарының таныстырылымы пән бойынша оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қолдану рефлексиясы арқылы бағаланады.
Таныстырылымға қосымша: 1) сабақ жоспары (Word форматы); 2) сабақ жоспарына ресурс түрінде тапсырмалар (Word форматы). Дәлелдемелердің бағалау критерийлеріне сәйкестігі келесі шәкілдер арқылы жүргізіледі: 0 – «сәйкес келмейді», 1 – «ішінара сәйкес келеді», 2 – «толық сәйкес келеді».
Ең жоғарғы балл: 18
«Есептелді» деген шешім қабылдану үшін 10 балл (60%-дан жоғары) жинақталуы тиіс, ал әрбір бағалау критерийі бойынша - кемінде 1 балл болуы керек. 10-18 балл «есептелді» деп саналады.
Бағалау критерийлерінің бірі бойынша 0 балл қойған жағдайда «есептелген жоқ» деген шешім қабылданады. 0-9 балл- «есептелген жоқ» деп саналады.
Таныстырылым уақыты: 10 мин.