Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


-лекция. Азия және Африканың жаңа тарихы



бет28/42
Дата16.05.2023
өлшемі1 Mb.
#93966
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Байланысты:
Á³ë³ì áåðó áà?äàðëàìàñû áîéûíøà øûìêåíò-2019 ?îæ 11

9-лекция. Азия және Африканың жаңа тарихы.


Жоспары:
1.Азия және Африканың жаңа тарихын ХІХ ғасырдың басында Ресейде оқып білу.
2.Ресейде Жапон тарихы туралы бірінші жүйеленген жұмыстардың пайда болуы.


1.Азия және Африканың жаңа тарихын ХІХ ғасырдың басында Ресейде оқып білу.
Әлемдік отарлық жүйенің жойылуы, Азия мен Африканың бұрынғы отар және жартылай отар елдерінің метрополиялар арасындағы тамыры тереңге кеткен әлеуметтік-экономикалық, сауда, мәдени байланыстарды жаңа сатыдағы ынтымақтастыққа негізделген қатынастарды қайтадан орнатуды күн тәртібіне қойды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан жаңа әлемдік тәртіптің биполярлы жүйесінің жойылуы салдарынан өзгерістерге ұшырауы ұлан байтақ отарлық иеліктерді иемденген әлемнің жетекші алпауыт мемлекеттерін халықаралық қатынастар жүйесінде көздеген мақсаттарына жету жолында жаңа әдістер мен тәсілдерге жүгінуге мәжбүрледі.
Жаһандану үрдісінің қарқын алуы жағдайында Азия мен Африка елдері арасындағы көп қырлы байланыстардың гуманитарлық, сауда-экономикалық және ғылыми салаларының екі тарапқа да бірдей әділ орнатылуына ұжымдық дипломатия форматында өткізілген бірнеше кезеңдерден тұратын келіссөздер негіз қалап берді.
Тәуелсіздіктерін жеңіп алған Азия мен Африка елдері өздерінің саяси және экономикалық бостандықтарына қолдарын жеткізгенімен егемендіктерінің алғашқы жылдарында үлкен саяси және экономикалық тоқырауға ұшырау қаупі алдында тұрды. Тамыры бірнеше ғасырларға кеткен экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың нашарлауы Азия мен Африка елдері және Еуропаның отарлық мемлекеттері үшін нағыз сын болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің экономикасында жаппай құлдырау байқалды. Бұл құбылыстың ары қарай жалғаса беруі үлкен гуманитарлық апаттарға ұрыну қаупін тудырды.
ХХ ғасырдың үлкен бөлігі адамзаттың даму тарихында“Батыс”деп аталған бірнеше үстемелдерден құрылған атпен белгілі болды. (Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Испания, Ресей (КСРО) АҚШ, Канада) әлемде Еуроцентристік немесе Еуро–Американцентристік көзқарас қалыптасты. Қалған халықтар, аймақтар және мемлекеттер тек қана Батыс тарихымен байланысты болғаны үшін есепке алынды.
Азия, Африка, Америка жерлерін Европа халықтарының игеру дәуірі 15-16 ғасырдағы теңіз жолдарының ашылғаннан кейін басталуы осының нәтижесінде ХХ ғасыр аяғында ұлы орталық елдер пайда болды.
Ірі өндіріс орындары дамыған державалар арасында аймақтар үшін, тауарларын өткізу үшін тартыс басталды. Х1Х ғасыр аяғы еуропалық ірі мемлекеттер арасында әлі де болса жаулап алынбаған Азия, Африка және мұхит жерлері үшін таластың күшейе түсуімен белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет