Білім беру бағдарламасы бойынша шымкент-2019 Әож 11


Ресейде Жапон тарихы туралы бірінші жүйеленген жұмыстардың пайда болуы



бет30/42
Дата14.10.2022
өлшемі1 Mb.
#43075
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
358544 8

3.Ресейде Жапон тарихы туралы бірінші жүйеленген жұмыстардың пайда болуы.
Орыс-жапон соғысы (1904 – 05) – Қиыр Шығысқа үстемдік орнатуға ұмтылған Ресей мен Жапония арасындағы соғыс. 1894 – 95 ж. Жапония Қытай армиясы мен флотын талқандап, Тайвань, Пэнхледао аралдарын және Ляодун түбегін басып алды. 1900 ж. Ресей шетелдік державалармен бірге Қытайдағы Ихэтуаньдер көтерілісін басып жаншуға қатыса отырып, Маньчжурияны өзінің ықпал аймағына айналдырды. 1902 ж. АҚШ және Ұлыбританияның қолдауымен Жапония, Маньчжурия мен Корей түбегіне батыл еніп келе жатқан Ресейге қарсы әскери одақ құрды.
1904 ж. 9 ақпанға қараған түні жапон флоты соғыс жарияламастан Порт-Артурдағы орыс эскадрасына шабуыл жасады. Жапонияның кенеттен соғыс бастауы Ресей үшін үлкен қиындық тудырды. Бұл кезде транссібір магистралі мен Порт-Артурдағы ірі әскери құрылыстар әлі бітпеген еді.
1904 ж. 10 ақпанда Жапония Ресейге ресми түрде соғыс жариялады.
Әскерлердiң орын ауыстыруы
Жапон әскері сәуірдің аяғында Ялу өз. маңында тұрған орыс әскерлерін талқандап, Маньчжурияға шабуыл жасады. Сонымен бір мезгілде Порт-Артурдың сол жағындағы Ляодун түбегіне әскери күштерін түсіріп, бекіністі қоршауға алды және Оңт. Маньчжуриядағы орыс әскерлеріне соққы берді. Орыс әскері шегінуге мәжбүр болды.
Мамырда Цзиньчжоу қ-на ие болған Жапония Порт-Артурды Маньчжуриядан оқшаулап тастады.
1904 ж. қыркүйектің басында патша әскері Ляоян шайқасында ірі жеңіліске ұшырады.
2 қаңтар 1905 ж. Ұзаққа созылған қоршаудан кейін Порт-Артур берілуге мәжбүр болды. Порт-Артурды қолға түсіруі Жапонияның стратег. жағдайын едәуір жақсартты.
1905 ж. 27 – 28 мамырда Цусима теңіз шайқасында орыс эскадрасы толық талқандалды. Орыс-жапон соғысында Ресей біржола жеңілді. Бұл соғыстың барысы мен нәтижесінде патшалық Ресей өзінің экон., әскери тұрғыдан артта қалғандығын көрсетті.
1905 ж. 5 қыркүйекте Жапония мүддесіне шешілген екі ел арасында Портсмут бітім шартына қол қойылды. Орыс-жапон соғысы нәтижесінде Корея мен оңт. Маньчжурияда Жапон үстемдігі орнады. Жапония Қиыр Шығыстағы жетекші елге айналды. Ал Ресейде бірінші орыс революциясы (1905 – 1907) басталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет