Қосымша әдебиеттер:
1. Гусева Т.Как начать свой бизнес. –СПб.:Питер,- 2010.
Баринов, В.А. Бизнес-планирование: Учебное пособие / В.А. Баринов. - М.: Форум, 2013. - 256 c.
2. Бронникова, Т.С. Разработка бизнес-плана проекта: Учебное пособие / Т.СБронникова. - М.: Альфа-М, ИНФРА-М, 2012. - 224 c.
3. Чепуренко А.Ю. Малый бизнес в рыночной среде /А. Ю. Чепуренко. – М.: Издательский дом Международного университета в Москве, 2009. – 324 с.
БӨЖ-на қойылатын талаптар және өзіндік жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
Зерттеу жұмысын орындау барысында студент терең теориялық білімін нақты сұрақтарды қарастырғанда көрсете білуі, өз ойларын логика жүзінде мазмұндай және қорытындылары мен ұсыныстарын дұрыс құра білуі керек.
Берілген курс бойынша студенттің білімінің нәтижесіне зерттеу жұмысын табысты дайындап,орындауы және оны сәтті қорғауы есептеледі.
Студент келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді.
- курс бойынша алған теория жүзіндегі білімін жүйелеу мен бекіту.
- қажетті дербес жүргізе білу қасиетін дамыту, зерттеулер жүргізе білуі, зерттеу жұмысына нақты қойылған сұрақтар бойынша шешімін қабылдай білу;
- дербес жұмыс жүргізуге дайындық деңгейін анықтау, болашақта дипломдық жұмысын орындауға икемділігінің пайда болуы.
Студент зерттеу жұмысын орындау барыснда келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Жұмысты орындау барысында мұқият түрде зерттелетін экономикалық сұрақтар бойынша заңдылықтар мен нормативтік-ақпараттық актілер мен құқықтық, әдістемелік материалдар жан-жақты зерттелуі керек, кәсіпорынның қызметін экономикалық талдауы ұйымдастыру мәселелері бойынша жетекші отандық және шетел ғалымдарының еңбектері пайдалануы тиіс.
2. Осы курсты зерттеудің методологиялық негізі ретінде қызмет ететін маңызды диалектика принциптерін, тану теорияларын, кәсіпорын экономикасы, менеджмент принциптерін терең игеруі тиіс.
3. Шағы және орта бизнес кәсіпорынның жан-жақты қызметіне ықпал етуші факторларды анықтап, оның пайда болу себептері мен жағдайларын зерттеп, бағытын бағалап, активтілігі мен олардың әрекет ету уақытын анықтай мүмкіндіктерін зерттей білу.
4. Кәсіпорынның ішкі резервтерін төменгі шығындар мен максималды табыс алу мақсатында техника, еңбекті, материалдарды, қаржыларды үнемді де тиімді пайдалану есебінен анықтап игеру.
5. ЭЕМ мен экономикалық-математикалық әдістер пайдалануға негізделген арнайы тәсілдерді пайдалану арқылы нақты информацияны аналитикалық өңдеудің техникалық дағдыларды игеруі тиіс.
6. Зерттелетін проблемалар мәнін ашу жолдарын анықтап, шаруашылық қызметін жақсарту бойынша қорытындылар мен нұсқауларды негіздей алуы қажет.
Зерттеу жұмысын сәтті орындап шығу болашақ маманның қабілетін анықтауға, оның өз ойларын сауатты маман деңгейінде мазмұндай алу қабілетін, қолда бар деректерді жүйелі білу қабілетін, зерттелетін мәселе жағдайын анықтай алу мүмкіндігін, қорытынды мен ұсыныстарын дұрыс құрай алу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.Әдістемелік тұрғыдан бұл-дипломдық жұмыс негізін дайындауға, студенттің диплом алдындағы тәжірибеден табысты өтуі үшін бағытын алдын-ала анықтап алуына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |