Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022


Пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы



бет2/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

3

Пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы













4

Лекциялар жинағы......................................................................................................













5

Студенттің орындайтын өзіндік жұмысының әдістемелік нұсқауы.................













6

Аралық бақылау, емтихан сұрақтары....................................................













ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Kas 3112 - «Кәсіпкерлік»


6В01619- Тарих, 6В01721 – Қазақ тілі мен әдебиеті
білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған


5 КРЕДИТ

ҚЫЗЫЛОРДА, 2022 жыл


МАЗМҰНЫ



  1. Түсініктеме

  2. Пән мазмұны

  3. Практикалық сабақтардың тізімі

  4. Әдебиеттер тізімі




  1. Түсініктеме

«Кәсіпкерлік» атты курстың мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік түсінігінен бастап, оны ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру, дамыту, тиімділігін бағалау және шағын және орта бизнесті ұйымдастырудың өзге де теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларын меңгеруге көмектесу, сондай-ақ теориялық білімдерін іс-жүзінде еркін пайдалана білуге дайындау.


Курста кәсіпкерліктің мәні, маңызы, негізгі түрлері мен ұйымдастыру нысандары, қызмет ету ерекшеліктері, кәсіпкерлік істі ашу, жүргізу жағдайлары мен талаптары қарастырылған. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелдің түрлері, бағалау мен басқару әдістері, бизнес – жоспар әзірлеу тәртібі мен әдістемесі, кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері мен несиелеу шарттары, лизингтік және факторингтік операцияларды қолдану мүмкіншіліктері, кәсіпорын персоналы, оны бағалау мен басқару әдістемелері, кәсіпорында қолданылатын кадр саясаты, еңбек ақы төлеу жүйесі де қамтылған.
Кәсіпкерлік қызметтегі әріптестік байланыстар, мәміле мен шартты дайындауға қойылатын негізгі талаптар, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер және оларды қорғау жүйесі, кәсіпкерлердің әкімшілік, қылмыстық, материалдық, тәртіптік жауапкершіліктері, міндеттемелерін орындау әдістері, кәсіпкерлік этикасы, іскерлік қарым – қатынас жасау нысандары, іскерлік этикет мәселелері жан – жақты көрініс тапқан.
Бәсекелік орта жағдайында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, бәсекелестерді талдау, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау мен бағалау әдістері, өндірістік – шаруашылық және қаржы – экономикалық қызметін талдау көрсеткіштері, шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі, инфрақұрылымы, заманауи институттарының даму жағдайы, кәсіпкерлік қызметті тоқтату мен тарату тәртібі, қайта құру мен сауықтыру, банкротқа ұшырау жағдайларына ерекше көңіл бөлінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет