Мақсаты: Шағын және орта бизнес сферасында ұйымдастырушылық, өндірістік-экономикалық қатынастарды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу, талдау, жүйелеу және бизнесті ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын, әдістері мен негіздерін анықтау және студенттердің қажетті дағдылар мен машықтарды меңгеруін қамтамасыз ету.
Міндеттері:Осы мақсатқа байланысты курстың міндеттері келесі мәселелерді зеерттеу болып табылады:
- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары, шарттары, әдістері мен қағидаларын білу;
- Бизнесті ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде бизнес-жоспар әзірлеу әдістемесін меңгеру.
- Бизнесті ұйымдастыру нысандарын бағалау ерекшеліктері мен ұтымды ұйымдық нысанды таңдай білу;
- Шағын бизнес субъектілеріне салық салу ерекшеліктері мен есептеу тәртібін меңгеру;
- Бизнесте шығындарды басқаруды, тиімділігін талдау мен бағалауды білу.
- Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызмет тиімділігін бағалау әдістемелерін қарастыру.
2 тақырып. Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық нысандары мен олардың ерекшеліктері. Дара кәсіпкерлік: түрлері және тіркеу тәртібі. Жеке кәсіпорынды құру жағдайлары мен шарттары. Заңды тұлға. Орта бизнес субъектілері.
3 тақырып. Кәсіпкерлік психологиясы Кәсіпкер, кәсіпкердің жеке қасиеттері және оларды бағалау. Бизнестің табысты болуына әсер ететін факторлар.Кәсіпкерлік психологиясын зерттеудің негізгі бағыттары.Кәсіпкердің мүмкіндігі.
4 тақырып. Нарықтық мүмкіндіктерді талдау Нарықтық мүмкіндік түсінігі, мәні мен маңызы. Нарық жайлы ақпарат жинау әдістері. Бизнесті қамтамасыз ету үшін ақпараттар алу әдістері. Нарықта ұсынылатын тауар мен қызмет түрлері. Бәсекелестер мен тұтынушыларды зерттеу.