Макроорта мен саладағы істің мəн- жағдайын талдау. Бұл бөлімде келешек бизнес-жоба қызметінің негізгі бағыттары мен мақсаттары суреттеледі. Жаңа жобаның идеясын үлкен орта мен саладағы істің мəн-жайын ескере отырып ұсынған өте маңызды. Бизнестің өзіне жəне сол жұмыс істеп жəне бəсекелесетін ортаға баға беру қажет, себебі бəсекелес күрестегі жеңіске жету критерийлерінің біріне нарықтағы жағдай жатады. Бизнес-жоспарда саладағы істің ағымдағы мəн- жайына талдау жасау ұсынылады. Сонымен қатар соңғы жаңа өнімдер (қызметтер) бойынша анықтама беріп, потенциалды бəсекелестерді атап, солардың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіп кету ұсынылады. Сонымен қатар сол сала бойынша жа- салып отырған барлық болжамдарды зерттеп жəне соның нəтижесінде сіздің бизнестегі тауарлардың немесе қызметтердің тура қандай тұтынушыға арналғаны жайлы сауалға жауап беруге болады.
Нарықты талдау. Нарық жəне маркетинг компаниялардың барлығы үшін шешуші факторлар болып табылады. Сол себептен бұл бөлімді жазу аса қиын шаруа бо- лып табылады. Сізге өз-өзіңізді жəне ықтимал инвес- торларды өнім үшін нарықтың бар екендігіне жəне өзіңіздің сол нарықта өніміңізді сата алатыныңызға сендіру қажет. Ол үшін сіз үшін басты болып табы- латын нарықтың сегментін анықтау қажет. Нарықтың бəсекелес сегментін анықтаудан кейін сол сегменттің ішіндегі сатып алушылардың сипаттамасы келтіріледі. Кез келген бизнес жəне, атап айтқанда, өнімді жетілдіру жөніндегі жақсы идеяларға ие бизнес ерте ме кеш пе бəсекелестік проблемасына кез бола- ды. Сол себептен тікелей бəсекелестерді, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, əр бəсекелестің нарықтағы потенциалды үлесіне баға берген өте маңызды. Сіздің өніміңіз сапасы, бағасы, таратылу, жарнамалау жəне өзге көрсеткіштер жағынан бəсекелесе алатынын көрсету қажет.
Маркетинг жоспары. Бұл бөлімде клиенттердің өнімді неліктен сатып алатынын көрсету қажет. Мұнда сіздің тауарыңыздың немесе қызметіңіздің қалайша са- тылуы көзделіп отырғаны, ол үшін қандай бағаның белгіленетіні жəне жарнаманы қалай жасауға бола- тыны сипатталады. Нақты бөліктер жиі жағдайда күрделі болып келеді жəне баға саясаты, сауда сая- саты, жарнама жəне т.б. салаларды қозғайды.
Бұл бөлімде өнімнің (жұмыстардың неме- се қызметтердің) бəсекелесуші баламалары- мен салыстырғандағы негізгі сипаттамалары көрсетілген. Бағалар, баға саясаты, сауда сая- саты, өткізу арналары, өнімді жарнамалау жəне нарықта ілгері жылжыту, өнімді қолдау саясаты, ықтимал сатып алушылардың қызығушылық таны- туы, өнімді өткізудің болжамы тəрізді мəселелер қаралған