Білім беру бағдарламасы күндізгі Қызылорда 2022



бет40/72
Дата12.02.2023
өлшемі1,61 Mb.
#67179
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
umk kasipkerlik 2022 2

Өндірістік жоспар. Бұл бөлімде тауарды немесе қызметті өндірудің барлық процестері суреттелуі тиіс. Мұнда пана-жайлармен, олардың орналасуымен, жабдықтармен, қызметкерлермен байланысты бо- лып келетін мəселелер қарастырылған. Егер құрылып жатқан бизнес өндірістік санатқа жатса, онда өндірістік процеске толықтай сипат- тама беру қажет: өнімнің өндірісін ұйымдастыру, өндірістік процестерді бақылау, өнім құнының негізгі элементтерін бақылау. Егер кейбір операци- яларды орындауды қосалқы мердігерлерге тапсы- ру көзделіп отырған болса, солар жайлы мəлімет беру керек, яғни қосалқы мердігердің атауы, мекен- жайы, соның таңдалу себептері, бағалары жəне жасасқан келісімшарттар туралы ақпарат көрсетілуі тиіс. Өздерін өз күшімен орындау көзделіп отырған операциялар бойынша өндірістік ағымдардың сұлбасын, өндірістік жабдықтың,шикізат пен материалдардың тізімін, соған қоса жеткізушілерді (атауын, мекенжайын, жеткізу шарттарын), жуықтап алынған бағасын көрсетумен, сондай-ақ келе- шекте қажет болуы мүмкін өндірістік жабдықтың тізімін беру қажет. Ақыры, бұл бөлімде өнімнің шығарылуын қаншалықты жылдам түрде арттырып немесе қысқартуға болатыны жайлы мəселелер көрінісін табуы тиіс.
Қоршаған ортаның аспектілері, əлеуметтік аспектілер Бизнес-жоспардың бұл бөлігінде өнім өндірудің қоршаған ортаға тигізетін əсері талданады. Нақты жағымды жəне жағымсыз жақтары, сондай-ақ мемлекеттің осындай өндіріспен байланысты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптары бағаланады. Өндірістің əлеуметтік аспектілеріне де баға беру қажет. Олар жоспар өздеріне арнап жасалып отырған негізгі топтардың бірі ретінде мемлекеттік органдар немесе заң шығарушылар болып отырған болса, ерекше маңызды болып табылады.
Ұйымдастыру жоспары Бұл бөлімде бизнестің меншік түрі көрсетіледі: бұл жеке кəсіпкер бола ма, жекеменшік кəсіпорын немесе серіктестік бола ма. Егер бұл серіктестік болса, сол өздеріне негізделген шарттарды келтіру қажет. Келешек бизнестің құрылымдық ұйымдас- тырылуы (құрылымы) көрсетіледі. Қызметкерлердің саны туралы жəне штаттың кеңейтілуі туралы, ма мандарды оқыту мен даярлау туралы, сондай-ақ кеңес берушілерді, кеңесшілерді, менеджерлерді тарту туралы мəліметтер беріледі. Бұдан əрі кəсіпорынға жетекшілік ету мен басқару мəселелері қаралады. Басқарушы топтың қандай ұстаным бо- йынша құрылғаны түсіндіріледі, жəне оның əрбір мүшесінің рөлі суреттеледі. Басқарушы топтың барлық мүшелерінің өмірбаяны бойынша қысқаша мəліметтер келтіріледі. Бүкіл команданың білімі мен біліктілігіне талдау жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет