Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика


Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамдық қатынас модельдері



бет2/42
Дата23.09.2023
өлшемі7,47 Mb.
#109920
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
7УМК ИНКЛЮЗИВТИ БИЛИМ БЕРУ2023

Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамдық қатынас модельдері
Е.Р.Ярская-Смирнова, Э.К.Наберушкина мүгедектік модельдерін төмендегідей топтайды:

  1. «Дәстүрлі» модель – (классикалық-медициналық, оңалту, экономикалық модельдер) мүгедектікке деген медициналық бағыт;

  2. «Жаңа» модель – мүгедектікке деген «әлеуметтік» бағыт;

  3. «Жаңаша» парадигма.

  1. Дамуында ауытқушылығы бар адамдарды оқшаулау моделі

  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды «қоғамға зиян», «аяушылық нысаны», «қайырымдылық объектісі» ретінде қабылдау.

  1. Мүгедектіктің моральдік (діни) моделі

  • Христиан дінінде мүгедектік «күнәлары» үшін жазалау, мүгедек адам жазаланушылар деп түсіндірілсе, бұл адамның негативті әлеуметтенуіне және әлеуметтік ортадан оқшаулануына алып келеді. Бұл модель дамыған елдердің әлеуметтік саясатында қолданылмайды.

  1. Мүгедектіктің медициналық моделі

  • Адамның интеллектуалдық және психофизикалық дамуындағы бұзылуы себепті оны науқас деп атауға мүмкіндік беруі. Мүгедектікті медициналық феномен ретінде қарастыру (науқас адам, дене бітімінің ауыр бұзылуы бар адам, интеллектуалдық дамуы жеткіліксіз адам, паталогия ретінде ұғынуы).

Европа мен Ресейде мүгедектік еңбек етуге қабілетсіз деп қабылданып медициналық көмек көрсетіліп, зейнетақы, жәрдемақы төленіп, олардың оқуы үшін арнаулы мектептер ашылды, мүгедектерге арналған мекемелерде жұмыс істеуге жағдай жасалынды.
Медициналық модельде – патологиялық ауытқу, дефект, толыққанды адамның жетілмеуі деген ұғымдарды қолдануы.
Мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыс әдістемесі патерналистік сипатта болды, (яғни шектеулі-қолдаушы) емдеу, емдік терапия жүргізу, арнаулы қызмет көрсету, интернат типіндегі білім беру мекемелерінде оқыту, ал экономикалық өмірге қатысу, білім берумекемелеріне бару, демалыс орындарына деп есептелінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет