9-дәріс. Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім
берудегі әртүрлі функционалдық міндеттері
Жоспары:
Педагогтар мен әр түрлі мамандардың инклюзивті білім берудегі әртүрлі функционалдық міндеттері.
Қосымша білім беретін педагогтар міндеттері.
Педагог-психологтардың қызметтерінің негізгі бағыттары.
Коррекциялық-дамыту жұмыстарының формалары.
Инклюзивті тәжірибе мамандардан жаңаша идея мен білімді талап етеді. Әр түрлі мамандар мен педагогтардың, мүмкіндігі шектеулі балаларға, тәрбие беру мен оқытуының мәні, бүкіл ұжым балалардың жақсы жағдайда білім алуына қатысады.Ұжымда жұмыс жасай отырып, топтың әр мүшесі алдына қойылған мақсат пен тапсырылған жұмысты уақытында орындау керек.
Сонымен, дефектолог-оқытушы міндеті:
Мектепке дейінгі және мектептегі, мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптағы, сабақ барысын ұйымдастыру;
Тәрбиешілер кеңесі, музыка мұғалімі, дене шынықтыру мұғалімі, әлеуметтік педагог, қосымша түзету педагогикалық процесі мен топтағы балалар әрекеті бойынша сұрақтарға жауап беру;
Топтық сабақтар мен конференциалды сабақтар методикасы бойынша іріктеуде көмек көрсету.
Оқытушы-логопед сөйлеуінде мүкістігі бар балалар мен коррекциялық жұмыс жасайтын маман.
Оқытушы-логопедміндеттері:
Тәрбиеленушілерді зерттеп, олардың сөйлеуіндегі деффектілерді анықтау;
Топтық, индивидуалдық сабақтар өткізу арқылы коррекциялық жұмыстар жүргізу;
Сөйлеуінде кемістігі бар балаларға, түзету жұмыстарына байланысты, қажетті кеңестер беру.
Педагог-психолог маманның міндеттері:
Баланың әлеуметтік, психологиялық, соматикалық жағдайын бір қалыпта сақтау;
Ата-аналар мен балаларға, педагогтар мен ұжымға нақты бір қиындықта шешім қабылдауға көмек беру;
Психологиялық диагностика жүргізу;
Балалардың дамуындағы (ақыл-есінен,физикалық,эмоционалды)ерекшеліктерін зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |