Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика



бет9/42
Дата23.09.2023
өлшемі7,47 Mb.
#109920
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42
Дәріс 5. Педагогикалық қараусыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыру
1. Педагогикалық қараусыз қалған балалардың сипаттамасы.
2. Педагогикалық қараусыз қалған балалармен жұмысты ұйымдастыру әдісі мен технологиясы.
3. Педагогикалық қараусыз қалған балаларды психологиялық диагностикалау.
4. Отбасымен педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру


ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР: ТҮСІНІГІ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЛДЫН АЛУ Балалар қараусыздығы және панасыздығы мәселесін саясаттанушылар, әлеуметтанушылар мен заңгерлер біздің заманымыздағы «әлеуметтік ауруға» теңейді, соның ішінде Қазақстан, кез келген өркениетті мемлекеттің саяси, экономикалық дамуымен тікелей байланысты. Оның пайда болу және таралуы мемлекет қызметінің құқықтық және әлеуметтік-саяси аспектілеріне, сол сияқты ұлттық отбасылық салт-дәстүрлер, қоғамдық мораль дәрежесіне, сондай-ақ отбасы институтын және мемлекеттің әр азаматын әлеуметтік қорғаумен байланысты. Осыған байланысты, бұл құбылыс әр түрлі мамандар тарапынан (заңгерлер, заңгер ғалымдар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, психологтар, педагогтар) терең зерттеуді қажет етеді. Қараусыз, панасыз қалудың алғашқы ең толық ресми анықтамасын 1930 жылы жарияланған Кеңес Одағының үлкен энциклопедиясында табуға болады: «панасыз кәмелетке толмағандар - педагогикалық қадағалау және қамқорлығынан айырылған және олардың қоршаған ортаға, қоғамдық көріністерге және денсаулығына зиянды жағдайда өмір сүретіндер» деп көрсеткен. Қараусыз қалған деп тек әке шешесін (немесе қамқоршысын) және үй жағдайын жоғалтқандар емес. Егер ата анасы балаларды тамақтандырмаса, оларға қатал қатынас көрсетсе, өзің қылмыстық жүріс тұрысымен үлгі болатын ата аналардың балалары да қараусыз қалған балалар болып есептеледі. «Қараусыз қалған» термині ресіми құжаттар мен заңнамаларда 1935 жылдан бастап пайда болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Үкімет ережелерінде екі термнн қолданылды, алайда олардың анықтамалары заңнамаларда болған жоқ. Осылардың арасындағы шекара тек қана заңнамалық актілерде ғана емес, сол сияқты қазіргі заманғы құқықтық әдебиеттерде де көрінбейді. «Қадағалаусыз» және «панасыз» ұғымдарын араластыру көптеген зерттеушілерде ғана емес, кәмілетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың түрлі аспектілері бойынша көптеген зерттеулер үшін бірегей болып табылады. Ол арнайы үкіметтік құжаттарда да бар. Осыған байланысты заңнамада да, кәмелетке толмағандардың осы санаты үшін әлеуметтік және құқықтық қорғауға жауапты мемлекеттік органдар құжаттарда да немесе заңды әдебиетте де, осы ұғымдардың айқын белгісі жоқ, March 30 - April 7, 2020 97 балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының шығу тегі туралы айтпас бұрын, осы терминдер арасында айырмашылық айқын болуы тиіс. Педагогикалық сөздікте (Педагогикалық сөздік, 1993) қараусыз қалу «атааналарына немесе оларды алмастыратын тұлғалар балалардың дұрыс қадағалау болмауыкөрініс беретін әлеуметтік құбылыс» деп анықтайды. Қараусыз қалғандар әлеуметтік жұмыс сөздігінде ата ана тарапынан, олардың орнын алмастырушылар тарапынан позитивті әсер, қамқорлықтың болмауы деп анықтайды (Баркер. Әлеуметтік жұмыс сөздігі, 1994). Қараусыз қалу және панасыздық толық сипаттамасынзаң ғылымдарының докторы А.М.Нечаева берген. Ерекше белгілеріне автордың ойынша, жататындар: - отбасымен, ата анасымен, туыстарымен барлық байланысты тоқтату; - адам өмір сүрмейтінжерлерде өмір сүруі; - қоғамда қабылданбаған амалдар арқылы өмір сүру (қайыршылық, ұрлық және т.б.); - қаңғыбастар авторитеті арасында жүретін «жазылмаған» заңдарға бағынуы. [3, с.59] Қараусыз қалудың психологиялық себептерін зерттеушілер асоциалды және қоғамға қарсы жүріс тұрыс көріністерінің көбеюімен байланыстырады. Біздің қоғамдағы балалардың қараусыз қалуының әлеуметтік экономикалық, әлеуметтік психологиялық және психологиялық себептері өкінішке орай бір бірімен тығыз байланыста, бір бірін белсенді түрде толықтырушы себептер. Қараусыздық, қараусыз өткен балалық кең тараған күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамарға әлеуметтік көмек көрсетудіұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды. Әлеуметтік экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылусылардың көбеюімен, ата анасының бірінен айырылуы, отбасындағы көңіл күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, таксикомания, нашақорлық жатады. Қоғамның дамуының өтпелі кезеңінде, әлеуметтік экономикалық өмірдің тұрақсздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бөлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасөспірімдердің өміріне теріс әмер етіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторлар іске қосылады. Ондай факторларға іске қосылады. Ондай факторларға мыналарды жатқызуға болады: -Халықтың өмір сүру днеңгейінің төмендеуі, ортасындағы балаларды асырау жағдайының нашарлауы; -Нарықтық қатынастар мен мемлекеттің бюджеттік арнайы ақша бөлуінің қысқаруына байланысты балалар мен жасөспірімдердің демалыстары мен бос уақыттарын өткізуді қамтамасыз ететін инфра құрылымның таратылуы; -Үлкендердің еңбек ақыларын кешіктіруге, жұмыссыздыққа және т.б. жағдайлар әсерінен психоэмоционалды күштің өсуі, өз кезегінде жас ұрпаққа тікелей әсер етпей қоймайды; -Балалармен отбасында және интернаттық мекемелерде олардың тағдырларына жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты қатал қарауының кеңінен тарауы, мемлекет пен қоғам тарапынан олардан алшақтықтың тереңдеуі; -Білім беру мен мәдениет салаларының комерциялануы. Қараусыз қалу және қаңғыбастық жолына түскен көптеген тұлғаларды «өмірдің жиегіне» шығарып тастау, әрине, әлеуметтік қызметкерлер мен әлеуметтік педагогтардың, мемлекеттік және қоғамдық институттардың кәсіби назар аударуы қажет етеді. Қараусыз қалған және қаңғыбас Тұлғалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарды үш кезеңге бөлуге болады: Баланы қаңғыбастық жолға итермелейтін отбасындағы әл ауқатсыздық белгілері байқалған кезден бастап отбасымен жұмыс; Қараусыз қалғандар мен қаңғыбастармен жұмыс; Бұрынғы қараусыз қалғандармен олардың қайтадан бейімделуімен жұмыс. Әлеуметтік қызметтердің бірінші кезеңде табысты жұмыс жүргізуі одан кейінгі екі кезеңде жүргізетін әлеуметтік жұмыстар ауқымын азайтып, бұл құбылыстың көлемін азайтатыны сөзсіз. Бұл тенденциялардың барлығы қараусыз қалған балалар мен жасөспірімдердің бұл мәселесін психологиялық педагогикалық шешімін табуды қажет етеді, олардың құқықтарын заңнамалық қорғау, оларды әлеуметтік реабилитациялау және бейімдеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет