Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) Білім беру бағдарлама (коды, атауы) 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика



бет1/42
Дата23.09.2023
өлшемі7,47 Mb.
#109920
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
7УМК ИНКЛЮЗИВТИ БИЛИМ БЕРУ2023


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және дәстүрлі өнер ИНСТИТУТЫ
ПЕДАГОГИКА, ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ БББ


«Бекітемін»
Академиялық сапа комитетінің төрағасы
_____________Мирманов Н.Б.

« »______ 2023 ж.



IBB 3209– Инклюзивті білім беру пәнінің оқу - әдістемелік кешені

«Пәннің коды мен атауы»


Білім беру бағдарламасы (коды, атауы) - Білім беру бағдарлама (коды, атауы) - 6В01404-Бастапқы әскери дайындық, 6В01405-Дене шынықтыру және спорт, 6В01407-Музыкалық білім, 6В01409- Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау, 6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика мұғалімдерін даярлау, 6В01513-Физика-информатика, 6В01514-Информатика, 6В01515-Химия, 6В01516-Химия-Биологи, 6В01518-География, 6В01519-География-тарих, 6В016198-Тарих



күндізгі
(оқу нысаны)

Қызылорда, 2023 ж.


Кешен Педагогика, психология және бастауыш оқыту әдістемесі БББ мәжілісінде қаралды

Хаттама № __ « __»__ __ 2023 ж.


БББ жетекшісі__________________Бекжанова Б.Ж
Кешен Педагогика және дәстүрлі өнер бағыты бойынша Академиялық сапа жөніндегі комитетінің мәжілісінде қаралып, мақұлданған ____________________________________________.

Хаттама № «__»___ 2023 ж.



Дәрістер тезисі
Дәріс 1.Инклюзивті білім берудің жалпы теориялық негіздері.

  1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары.

  2. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары.

  3. Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері.

4.Мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамдық қатынас модельдері.

Барлық балаларға білім алуға жағдай жасау - дене бітіміндегі, интеллектуалдық, эмоциялық, әлеуметтік, тілдік дамуындағы ерекшелігіне қарамастан оларды педагогикалық үдеріске қосу.


Инклюзивті білім беру –
Барлық балалардың жалпы білім беру үдерісіне енуі;
Жасына, жынысына, этникалық, діни ерекшелігіне, дамуындағы тежелуіне қарамау;
Баланының білімдік қажеттілігі мен даралық ерекшеліктеріне ортаны бейімдеу;
Адекватты білімдік жағдаятты тудыру.
Инклюзивті білім беруде Қазақстан республикасының төмендегідей заңдарына сүйенеді:
ҚР «Білім туралы заңы»;
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық коррекциялық қолдау».
Мүмкіндігі шектеулі балалар:

  • 18 жасқа дейінгі дене және психикалық кемістігі бар балалар;

  • Туа біткен және жүре пайда болған науқастар;

  • Естуінде кемістігі бар балалар (естімейтін, әлсіз еститін, кейіннен есту қабілеті бұзылғандар);

  • Көруінде кемістігі бар балалар (зағип, нашар көретін, кейіннен көру қабілеті бұзылғандар);

  • Қимыл-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған балалар;

  • Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;

  • Ақыл-ой кемістігі бар балалар;

- Психикалық дамуында кемістігі бар балалар;
- Эмоциялық-еріктік сферасы мен мінез-құлқы бұзылған балалар;
- Күрделі кемістігі бар балалар.
Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау себептері:
А) Білімдік бағдарламалардың кемшілігі;
Б) Медициналық және әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі;
В) Нақты баланың, жеткіншектің немесе ересек адамның мүмкіндігінің ескерілмеуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет