1. Инклюзивті білім беру 2



бет1/2
Дата24.05.2023
өлшемі22,37 Kb.
#96447
  1   2
Байланысты:
Инклюзивти билим беру


1.
Инклюзивті
білім беру


2.
Инклюзивті білім беру- мүгедек пен
дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары
бар балалардың дені сау балалармен бірге
олардың әлеуметтендіру және интеграция
процестерін жеңілдету мақсатындағы
бірлескен оқыту.


3.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму
мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты
балалармен бірге білім беру. Яғни адамның
жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең
құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі
болып табылады.


4.
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары
1. Барлық адамдар құқығының теңдігі;
2. Адамдарды шектеудің болмауы;
3. Барлық балаларды мектепке дейінгі мекемеге және
мектепке қабылдау;
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру,
мінез-құлықтың коммуникативті моделін игерту,
5. Оқыту үдерісіне ата-аналарды қатыстыру;
6. Арнаулы білім беру жағдайын жасау;
7. Пәнаралық бағытты қалыптастыру (педагогтар,
ата-ана, логопед, психолог, дефектолог, т.б.
мамандықтардың өзара әрекеттестігі
8. Өзгелермен қарым-қатынасқа және өзіне деген
сенімділікке үйрету.


5. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиындықтары, олар:
а) функционалдық қиындық;
б) науқастанудан туындаған қиындық;
в) дамудағы кемістіктен туындаған қиындық;
г) сыртқы ортаға бейімделе алмаудан туындаған қиындық;
д) қоғамдағы әр түрлі пікірлерден туындаған қиындық.


6. Мүмкіндігі шектеуліліктің туындау механизмдері:
а) Құрылымдық бұзылулар (медициналық,
диагностикалық аппаратурада айқындалмауы);
б) Іс-әрекет түрлеріне қажетті дағдылардың
жетілмеуі;
в) Әлеуметтік бейімделе алмау, сәтсіз әлеуметтену;
Инклюзивті оқыту – баланың тұрғылықты мекен-жайы бойынша
оқуын және оқуға деген құқығын сақтау ұстанымына сүйенетін
жалпы білім беретін мекемелердің білім беру жүйесі және ол үшін:
а) оқу бағдарламасы мен жоспарларын бейімдеу;
б) оқыту әдісі мен формаларын бейімдеу;
в) ерекше қажеттілігі бар балалардың әр түрлі оқу формасы мен
жеке білім алу қажеттілігін есепке алу мен серіктестікте болу.


7.
Инклюзивті білім беру – барлық балалардың жалпы білім
беру үрдісіне енуі, әлеуметтік бейімделуі, жасына,
жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан
баланың жеке қажеттілігіне коррекциялықпедагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсету,
белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз ету.
Кіріктірілген оқытудың формасы мен түрлері:
Толықтай кіріктірілген –
- Дамуында бұзылуы бар балалардың нормаға сәйкес дамыған
балалармен бірге оқуы ( балалардың дамуы жас ерекшелік нормаға
жақын және психологиялық жағынан даяр болуы).
Толық емес кіріктірілген –
- Психикалық дамуы жас ерекшелік нормадан төмен болуынан жүйелі
коррекциялық көмекті қажет етуі, бірақ кейбір пәндерді бірлесе оқуға
қабілеттілігінің жетіспеуі, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстарға
қатысуы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет