2. Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде жасау Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын ісқағаздарының бір түрі. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссертация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондайақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.
Бұрыштама – мекемеге келіп түскен ісқағаздарының бұрышына жазылатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы. Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының (жоспардың жобасына, есептерге, хаттарға және басқалар) бастапқы бетінде қойылған қолдан төмен қойылады. Бұрыштама Өкімдік құжаттардың жобаларының бірінші данасына қойылады. Өкімдік құжаттың соңғы парағының сыртқы бетіне бұрыштама қоюға рұқсат етіледі. Бұрыштама бұрыштама қоюшының қолын, күнін, қажет жағдайда қолтаңбаның толық жазылуын (аты-жөнін және тегін) бұрыштама қоюшы лауазымының атауын қамтиды. Түпнұсқа бұрыштамада бірінші тұрған орындаушыға беріледі. Бұрыштама тырнақша қолданылмай, кіші әріптермен ресімделетін «Келісілді» деген сөзден, сондай-ақ құжат келісілетін тұлға лауазымының атауынан (ұйымның атауын қоса алғанда), жеке қолынан және оның толық жазылуынан және келісу күнінен тұрады. Ең бастысы, бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі Білім алушы міндеттері
ОН1 Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс істеу.
1. Құжаттардың түрлері мен жіктелуін сипаттайды.
2. Құжаттардың ақпараттық және коммуникативтік функциясын түсінеді.
3. Құжаттардың құрылымын анықтайды.
4. Қызметтік құжаттардың негізгі деректемелерін қолданады.
5. Құжаттың мәтініне қойылатын талаптарды сақтайды.
6. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, ұйымдық-өкімдік және ақпараттық-анықтамалық құжаттармен жұмыс жасайды.
ОН2 Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды мемлекеттік тілде жасау.
2.1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар туралы білімі бар.
2.2. Еңбек шартының қажетті талаптары туралы ақпаратты меңгереді.
2.3. Түйіндемені, өмірбаянды, мінездемені, өтінішті, арызды, сенімхатты, қолхатты мемлекеттік тілде құрастырады.