Білім беру бағдарламасы мамандық: 07160500 Темір жолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету


Білім беру бағдарламасының (модульдердің) мазмұны



бет9/56
Дата28.11.2023
өлшемі488,19 Kb.
#130674
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы маманды 07160500 Темір жолды жылжымал (1)

6 Білім беру бағдарламасының (модульдердің) мазмұны


БМ 1 «Дене қасиеттерін дамыту және жетілдіру»


Мақсаты және міндеті
Аталған модуль білім алушыларға физикалық қасиеттерді дамыту және жетілдіру қасиеттері мен қолданылуы туралы білім алуға мүмкіндік береді.


Модульге кіріспе
Бұл модуль жеке қасиеттерді және олармен байланысты қабілеттерді жетілдіру үшін қажетті білімдерді, икемдер мен дағдыларды сипаттайды.
Модульді зерделеу нәтижесінде білім алушылар: дене тәрбиесінің әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін, жеке және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздерін, салауатты өмір салтының негіздерін меңгереді.
Модульді зерделеу кезінде білім алушылар: қозғалыс қабілеттері мен дағдыларын ұдайы жетілдіру жағдайында денсаулықты нығайтады; кәсіби тұрғыда маңызды физикалық және психомоторлық қабілеттерді дамытады; өзін-өзі бақылау және ағзаның функционалдық жай-күйін бағалау дағдыларын меңгереді.


Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау.
2. Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру.
3. Жарақаттану және жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету.


Модуль мазмұны

  1. Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салты қағидаттарын сақтау

Бұл салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол өмірлік маңызды мүшелердің және мүшелер жүйесінің қызметін жақсартады, сондықтан салауатты өмір салтын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етеді, организмнің жұмысқа қабілеттігін жоғарылатады, әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Ал аз қозғалған кезде организмде өзгерістер дамиды.


2. Физикалық қасиеттерді және психофизиологиялық қабілеттерді жетілдіру
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Жаттығуды қайталауда бас миының қабығындағы қозғаушы мен басқа орталықтардың арасында байланыс орнайды, осы орталықтардың қозуы мен тежелуінің арасында дұрыс қатынас орнығады және жаттығуды орындау техникасы динамикалык көшірмеге (стереотипке) айналады. Динамикалық стереотип берік орныққан жағдайда дене жаттығуы тұтас, түйінді сипатка ие болады. Жаттығудың жеке бөліктері немқұрайдылықпен өзінен-өзі (автоматты түрде) орындалуы мүмкін, дегенмен, ол мидың үлкен жарты шарының бақылауында болады. Мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйренгенде, үйретудің басында жаңадан үйренуші үшін бұл жаттығудың әрбір бөлігі барынша зейін коюды және бақылауды қажет етеді: жүгіру, тақтайшадан серпілу, әуеде ұшу және жерге түсу бір-бірімен онша байланыссыз және тұтастығы жеткіліксіз күйде орындалады. Ұзақ уақыт қайталау арқылы секіруді тұтастай орындау және оның жеке бөліктерін қайталау нәтижесінде тиісті байланыс, дәлдік, жылдамдық, қозғалыс күші орталық нерв жүйесінде «даңғыл жол» принципімен тұтастық ізін қалдырады. Барлық жаттығулар жалпы біртас функционалды құрылым түріне енеді және әрбір келесі қимыл алдыңғы қимылдың дұрыс орындалуымен анықталатын тұтас бірыңғай жаттығатын қимыл есебінде қарастырыла бастайды. Қимылдың автоматтандырылған элементтері пайда болады. Белгіленген автоматтануды немесе секіру техникасының жеке бөліктерін азғантай болса да бұзу сол бойда яғни берілген қателерді түзету жөнінде үлкен жарты шар қабығына белгі беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет