КМ 1 Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сызбалар мен схемаларды орындау
Мақсаты және міндеті Осы модуль сызбалар мен сызуларды орындау, техникалық құжаттаманы оқу, проекциялау әдістерін, сызба геометриясы негіздерін, сызба орындау қағидаларын қолдану үшін үшін қажетті білімдерді, машықтар мен дағдыларды сипаттайды.
Модульге кіріспе Осы модуль білім алушыларға автокөлік құралдары және аспаптарын жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, автокөлік құрылымы, объектілердегі әзірлеу шеберханалары мен учаскелерінің мақсаты, жұмыстарды жүргізудің құрамы туралы түсінік береді.
Білім алушылар монтаждық жұмыстар үшін техникалық құжаттама құрамын және мазмұнын, сыртқы біріктірулер сұлбаларын, монтаждық-коммуникациялық сұлбаларды орындау ережелерін, аспаптар мен таңдаулы құрылғылардың типтік монтаждық сызбаларының мақсатын білуі тиіс.
Қалқандар, пульттер және штативтерді монтаждау тәсілдері мен техникалық талаптары, оларға аспаптар мен аппаратураны бекіту. Технологиялық жабдықта және құбырөткізгіштерде таңдаулы құрылғылар, конструкциялар монтажы. Осы модуль температура, қысым, шығын, деңгей, салмақ және басқа технологиялық параметрлердің алғашқы өлшегіш түрлендіргіштер монтажы туралы түсінік береді. Реттегіштер мен атқарушы механизмдер монтажы. ТҮ АБЖ өнеркәсіптік бақылағыштар мен блоктар монтажы.
Өндірістік оқыту кезінде студенттер жабдықпен, саймандармен және монтаждау бұйымдарымен жұмыс істеу дағдысына ие болады.
Монтаждау жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы.
Өндірістік оқыту барысында саймандармен жұмыс істеу дағдыларына ие болу, нұсқаулықтар және нормативтер бойынша монтаждау жұмыстарын орындау қарастырылады.
Оқыту нәтижелері Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1. Техниналық сызу қағидаларын, сызуларды ресімдеу қағидаларын, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу қағидаларын қолдану
2. Сызуларды орындау және оқу.