Мақсаты және міндеті Аталған модуль білім алушыларға нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлік негіздері туралы түсінік береді.
Модульге кіріспе Қазақстанның дамуының қазіргі кезеңі кез келген адамға өзінің кәсіпкерлік қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік береді.
Ірі жоғары технологиялы өндірістер біздің еліміздің экономикасының негізін құрайды. Алайда, тарих шағын бизнестің икемді, шағын және дағдарыс жағдайында тұрақты болуына байланысты ірі кәсіпорындармен бәсекелес бола алатынын көрсетіп отыр.
Модульдің бірінші бөлімінде білім алушылар нарықтық экономика негіздерімен, сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік, ақша айналымы секілді түсініктермен танысады.
Модульдің екінші бөлімінде білім алушылар кәсіпкерлік қызмет мазмұны мен мәдениеті, тіркеу тәртібі, салық салу, өнімдердің өзіндік құн және кәсіпкерлік қызметтің нәтижелері сияқты мәселелерді оқиды.
Модульдің қорытынды бөлімінде білім алушылар маркетингтік зерттеу жүргізу технологиясын меңгеріп, бизнес-жоспар құрылымы мен оны әзірлеумен, шаруашылық келісім-шарттармен танысады.
Оқыту нәтижелері Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
1.Экономикалық категориялар мен заңдарды, экономикалық жүйенің даму заңдылықтарын білу; елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жасауды үйрену.
2. Кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілерді, құжаттар тізімі мен кәсіпкерлік қызметті тіркеу үшін қажетті әрекеттер реттілігін білу.
3. Шағын кәсіпорынның бизнес жоспарының құрылымы мен оның негізгі бөлімдерін білу.
Модуль мазмұны 1. Экономикалық категорияларды және заңдарды, экономикалық жүйенің даму заңнамаларын білу; елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау жасай алу Нарықтық механизмнің қызмет етуінің негіздерін және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асыруға қалай әсер ететінін білмей бизнеспен айналысу мүмкін емес.
Нарық – бұл ерекше заңдар – сұраныс және ұсыныс заңдары бойынша жүзеге асырылатын сату-сатып алу мәмілелерінің шексіз тізбегі. Бұл заңдар сатушылар (өндірушілер) мен сатып алушылардың (тұтынушылар) тәртіптерінің «ережесін» ұсынады. Нарық жағдайында тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас, мезгіл-мезгіл тепе-теңдікке жетіп, үнемі ауысып тұрады.
Әрбір берілген мезеттегі сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарым-қатынас нарық конъюнктурасы деп аталады. Білім алушылар келесі категорияларды игеруі керек: қажеттілік, сұраныс, ұсыныс, нарықтық тепе-теңдік, нарықтық тепе-теңдік бағасы, сұраныс пен ұсыныс икемділігі, бәсеке, бәсекелік күрес әдістері.