Модуль мазмұны 1.Техниналық сызу қағидаларын, сызуларды ресімдеу қағидаларын, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу қағидаларын қолдану Монтаждық басқару құрылымы. Қызметкерлерді әкімшілік-басқару, өндірістік-техникалық бөлімнің, өндірісті дайындау учаскесінің тағайындалуы және қызметтері. Монтаждық-дайындау шеберханалары, олардың тағайындалуы, орындайтын жұмыс түрлері, жабдық, саймандар және материалдар. Объектіде монтаждау учаскесін ұйымдастыру. Монтаждау ұйымының объектінің құрылыстық әзірлігіне талаптары. Дайындық жұмыстары. Монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз етудегі стандарттаудың орны.
2.Сызуларды орындау және оқу Автоматтандыру жобасын әзірлеу кезеңдері. Техникалық жоба және жұмыс құжаттамасы, мақсаты және құрамы. Бақылау және басқару, техникалық құралдар кешенінің құрылымдық сызбасы.
Автоматтандырудың функционалдық сызбалары. Бақылау, реттеу, басқару, сигнализация, қоректену, қорғау және тұйықтандырудың қағидалық сызбалары.
Қалқандар мен пульттердің жалпы түрлері. Сыртқы сымдар сызбасы. Жабдық пен сымдардың орналасу жоспарлары. Тапсырыстық ерекшеліктер.
Жұмыстарды өндіру жобасының құрамы. Монтаждық жұмыстардың басталуы алдында жобалық-сметалық құжаттаманы өңдеудің тәртібі мен көлемі.
Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері
Осы модульді табысты аяқтағаннан кейінгі білім алушының оқыту нәтижелері
Бағалау критерийі Білім алушы міндеттері
ОН1 Техниналық сызу қағидаларын, сызуларды ресімдеу қағидаларын, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу қағидаларын қолдану
1.1 1. Сызықтардың типтерін қолданады.
1.2. Сызу қаріптерін қолданады.
1.3.Сызуларды ресімдеудің қағидаларын біледі.
ОН2 Сызуларды орындау және оқу
2.1Геометриялық құрылымдардың дағдыларын меңгерген.
2.2. Түйіндесулерді құру дағдыларын меңгерген.
2.3. Геометриялық құрылымдарды қолдана отырып, жалпақ детальдарды сызуды орындайды.
2.4. Өлшемдерді жазады.
2.5. Сызуларды оқиды.
2.6. Құрылымдық электр және кинематикалық сызбаларды орындайды.