Оқыту нәтижелері
Аталған модульді аяқтағанда білім алушылардың міндеттері:
Темір жол көлігі жалпы мәлімет
Темір жол көлігі жұмысшыларының жалпы міндеттері
Құрылыстар мен құрылғылар. Жалпы мәлімет. Габариттер
Жол және жол шаруашылығы
Бөлек пунктері
Автоматика, телемеханика және байланыс
Темір жолдағы электрмен жабдықталудың құрылыстары мен құрылғылары
Темір жолдың жылжымалы құрамдары
Поездар қозғалысын ұйымдастыру
Еңбек және денсаулықты қорғау бойынша негізгі заңдар мен нормаларды түсіну.
Жұмыс орнында қауіпті жағдайды анықтау мен бақылауды білу.
Жазатайым жағдайлар мен оқиғалардағы тіркеу және есепте пайдаланылған әдістерді түсіну.
Модуль мазмұны
1. Еңбекті және денсаулықты қорғау бойынша негізгі заңдар мен нормаларды түсіну
Заңдар мен нормалардың негізгі сипаттамалары: заңнама, мысалы, Қазақстан Республикасының еңбек кодексі және т.б.
2. Жұмыс орнында қауіпті жағдайды анықтауды және бақылауды білу
Жұмыс орнында: қауіптерді анықтауға арналған әдістер, мысалы, актілер, маңызды тәуекелді талдау, осы тәуекелдер нәтижелерін немесе салдарын болжау, апаттар туралы деректерді пайдалану, жұмыс әдістерін мұқият қарастыру.
Жұмыс ортасы: жұмыс орнын және әлеуетті қауіптерді зерттеу, мысалы, тұйық кеңістіктер, су астындағы немесе биіктіктегі жұмыстар, электр тоғынан жарақат алу қаупі, химикаттар және шу.
Тәуекелге айналатын қауіптер: белгілі және маңызды тәуекелдерді анықтау; шығын келтіру мүмкіндігі; дұрыс бақылау әдістерін таңдау; электрлік қауіпсіздік, мысалы, қауіпті, жарақат себептерін анықтау және бақылау, электрдің денеге әсері, желінің шектен тыс жүктемесі; механикалық қауіпсіздік, мысалы, қауіпті анықтау және бақылау, жарақат себептері, айналмалы жабдық, өткір бұрыштар; қауіпсіздік құрылғылары, мысалы, дифференциалды қорғаныс құралдары (ДҚҚ), қорғау, апат барысындағы қауіпсіздік, тетіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |