2.Локомотивті сапарға дайындау тәртібін орындау Қызмет көрсетудің ауысым тәсілі кезінде тепловоздарды пайдаланудың ерекшеліктері. ТҚК және жабдықтау. Тепловозды техникалық қызмет көрсетуге қою.
3.Локомотивті қысқы уақытта қабылдау, қызмет көрсету, қарау және тапсыру ережелері мен тәсілдерін сақтау, локомотивке қызмет көрсету Қыс мезгіл кезіндегі техникалық қызметінің ерекшеліктері
4.Негізгі отын-жағармай материалдарының сипаттамаларын және олардың мақсаты мен сақтау ережелерін білу Қосалқы жабдықтардың қызметі. Майлау жүйесінің қызметі. Отын жүйесінің қызметі. Су жүйесінің қызметі. Ауа айдағыштары және ауа жүйесі.
5.Локомотивті басқару және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқаманы орындау Локомотивтегі электр жабдықтарының жұмыс шарттары. Локомотивтегі электрлі машиналарының сипаттық ақауларын тексеру және анықтау. Аккумуляторлы батареялардың қызметі. Электрлі аппараттардың қызметі. Электрлі тізбектердегі ақауларды анықтаудың әдістері.
Өндірістік оқу процесінде практика оқушы оқу барысында алған білімімен білігін бекітуі және тереңдетуі, кәсіби қызметіне, біліктілігіне сәйкес білік пен дағдыны игеруі тиіс.
Тепловоз машинисі көмекшісі слесарлық операциялардың локомотивті жөндеу кезінде қолдану тәсілдерін және технологиялық процесстердің сақталуын локомотивтің негізгі бөліктерінің құрылысын, қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттерін, әмбебап және арнайы тексеру өлшеу құралдарының құрылысын, пайдалана білуін , өндіріс жаңашылдары мен ұжым озаттарының іс- тәжірибелерін білуі керек. Сонымен қатар тасымалдау көтергіш құрылғыларды пайдалануды, кейбір механизмдерді қалыпқа келтіруді және тиімді жұмыс орындарын дайындауды және тазалық жұмыстарын жүргізуді, құралдар мен құрылғыларды жұмысқа дайындауды және олардың жұмысқа жарамдылығын қамтамасыз етуді, ауысымды ұйымдастыруды, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтауды, өрт сөндіру құралдарын пайдалануды және жұмыс орындарында өртті сөндіруді, жұмыста сызбаларды оқи білуді меңгеруі тиіс.