Оқудың нәтижесі: Жер астынан алынатын газды, жер астындағы газ қорын есептеу және материалдық баланстың негізгі принциптері.
Модуль тапсырмалары: 7.1 Материалдық баланс ұғымынан P/Z сараптаманы (газ қысымының Z факторға қатынасы) бөлу.
7.2 Графиктік және есептік түрде P/Z сараптаманы барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді табу.
7.3 Барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді P/Z сараптамасын қолданып, жер астындағы бастапқы газ бен бастапқы қысымды анықтау.
7.4 Бастапқы газдың резервтерi, қалдық қорлар және ұңғымақтың жою/жабу кезінде алынатын газ шамасын анықтау үшін барлық газ өндіру сараптамасына тәуелді P/Z сараптамасын қолдану және оның қарапайым экономикалық моделін жасау.
7.5 Қарапайым экономикалық моделдегі өзгерістерді ескеріп, резервтегі өзгерістерді есептеу.
7.6 Материалдық баланс сараптамасының нәтижелерін планиметрика және волюметрика әдістерімен салыстыру.
7.7 Барлық газ өндіру негізінде ағымдағы қабаттық қысымды анықтау.
7.8 Барлық газ өндіруге P/Z сараптамасын жүргізіп, нәтижесі бойынша қордың азаюының ерекше түрлерін анықтау ( қысымның төмендеуі, агрессивті кебу, судың басуы).
Модуль 8. Мұнайдың қысымы – көлемі – температурасы мұнайдың қасиеттерін Оқудың нәтижесі: Мұнайдың қасиеттерін диаграммалар (p,V,T) көмегімен және қысым – көлем – температура есептеулері бойынша түсіндіру.
Модуль тапсырмалары: 8.1 Бірінші көпіршіктің пайда болу температурасын, шық нүктесіне сай температураны, крикодентерманы ескере отырып,көмірсутек қоспасының (мұнай, газ) кез келген температура мен қысымдағы қасиеттері мен фазасын түсіндіру үшін (p,V,T) диаграммаларын қолдану.
8.2 Мұнайдың а) (өлі және тірі) тұтқырлығын; ә) мұнайдың құрамындағы газ шамасын; б) мұнайдың шөгу коэффициентін; в) тірі мұнайдың қабаттық көлемінің коэффициентін; г) газдалмаған (өлі) мұнайдың тығыздығын анықтау үшін негізгі теңдеулерді қолдану.
8.3 Тірі мұнайдың қабаттық көлемінің коэффициентінің, мұнайдың құрамындағы газ шамасының , тірі мұнайдың тұтқырлығының қысымға және бірінші көпіршіктің пайда болу температурасынан төмен және жоғары температураларға.