Оқудың нәтижесі: Бір немесе одан да көп ректификациялық бағандардан тұратын барлық фракциялау жүйесін түсіндіру.
Модуль тапсырмалары: Фракциялаудың толық жүйесінің құрамды бөліктерін сипаттау.
Өндірістік шығынды азайту үшін көмірсутекті фракциялаудың ең тиімді әдістерін көрсету.
Пропанды бөліп алу, дистилляциялық қондырғыдан бутанды шығару, этансыздандыру бағанын қолдануда бұл қондырғылардың жалпы температурасы мен қысымын ескеру және осы қондырғыларға қойылатын өндірістік талаптарды айқындау.
Аса ауыр мұнайдың тығыздығын анықтау әдістері.
Тығыздықты анықтау әдістерін қолдануға жүргізілетін сынақтарды түсіндіру.
Температураның 15.5 °С шамасына дейінгі ауырлық күшіне енгізілетін түзетулерді нақты көрсетулерде ескеру.
Шикі мұнайдың АНИ градусымен берілген тығыздығы мен салыстырмалы тығыздық арасындағы ауыстырылымдарды жүргізу.
Тығыздықтың азаюына байланысты көлемнің азаюларын есептеу.
Оқудың нәтижесі: Химиялық реакциялар ескерілмейтін процестер үшін материалдық балансты анықтауға есептер шығару.
Модуль тапсырмалары: Материалдық баланстың теорилық негізін анықтау.
Жүйелі түрдегі процедураларды қолдана отырып, материалдық баланс бойынша стандарттық есептерді шығару. Процестің берілген жазбаша баяндауы бойынша осы процесті көрсететін технологиялық блок-сызбаны (блок-схема) салу.