Білім беру бағдарламасы мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы


Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым



бет11/191
Дата27.09.2023
өлшемі0,69 Mb.
#110584
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   191
Байланысты:
2-Мұнай-және-газ-өндіру-технологиясы-

Бұрғылау ерітінділері және гидравликалық қысым.
Модуль 1. Бұрғылау флюиді ( батпақты ерітінді).
Модуль 2. Бұрғылау флюидінің құрамы.
Модуль 3. Бұрғылау флюидінің қасиеттері.
Модуль 4. Бұрғылау флюидінің қасиеттерін тексеру.
Модуль 5. Гидравликалық модельдер.
Модуль 6. Гидравликалық байланыстар.
Модуль 7. Гидравликалық есептеуле.
Модуль 8. Қысым режимі (танысу).
Модуль 9. Атылуды болдырмау (танысу).
Модуль 10. Ұңғыманы бақылау әдістері (танысу).
Модуль 11. Бұрғылау флюидімен зертханалық жұмыс.
Модуль 12. Ұңғыманың өшіру зертханалық жұмыстар (танысу).




Пәнді оқып бітіру нәтижесінде, оқушы келесілерді біліп, істей алуы тиіс:

  • қарапайым ұңғымалардағы жұмысты жоспарлау үшін қажетті деректерді анықтау, ерекше деректердің көздерін анықтай білу. Бұрғылау бағдарламасының техникалық шарттарын анықтау және өзіңізге белгілі деректер бойынша бағдарламаның кейбір бөліктерін құрастыру;

  • бұрғылау қаптамалардың түрлерін бағалау, қашауға түсірілетін кірістік жүктеме параметрлері мен минуттағы айналым санын есептеу, ИСМ қашауының бүліну механизмі мен өндіріс жайлы баяндау;

  • қашаудың жұмыс көрсеткішіне, әр түрлі литология типіне байланысты қашаудың түрлері туралы баяндау, қашауды таңдауды оптималдандыру үшін жинақталған деректерді қолдану, қашаудың жұмысына байланысты классификациялар жүйесін құрастыру;

  • Қазақстанда бар флюидтердің түрлерін атау. Ең тиімді флюидті таңдау. Флюидтердің қасиеттерін сақтаудың маңыздылығын, олардың қасиеттеріне ықпал ету мүмкіндігі бар факторларды сипаттау;

  • жүйедегі сұйықтың циркуляциясы кезінде қысымның төмендеуі неліктен бақыланатындығын, қысымның азаю орынын анықтауды, циркуляциядағы жүйенің әр нүктесіндегі қысымның төмендеуін есептеу жайлы айту;

  • шеген құбырды есептеудің, түрін, көлбеулігін, салмағын және олардың бір-бірімен қосылыстарын анықтаудың қажеттіліктерін түсіндіру;

  • Қазақстандағы кондукторлық шеген құбырлар үшін ең аз тереңдікке қойылатын техникалық талаптарды анықтау, техникалық бағандар мен жоғары қысымға арналған шегендік эксплуатациялық бағандардың конструкцияларын құрастырудағы қиындықтарды ескере отырып, жарамды кондукторлық шеген құбырын құрастыру;

  • цементтеудің қажеттілігін, сонымен қатар цементтеуге Қазақстанда қойылатын құқықтық-нормативтік талаптарын түсіндіру. Қолжетімді цементтіңтүрлерін, цемент ерітіндісінің қасиеттерін (қатаю уақытын, цементтің бекуін тездететін қоспаларды қолдану) баяндау. Цемент ерітіндісіне қажетті құрғақ цементтің көлемін (салмағы), ерітіндіге керекті су шамасын, су көзін, ерітіндінің шығу көлемін түсіндіру;

  • Қазақстандағы кондукторлық шеген құбырлар үшін ең аз тереңдікке қойылатын техникалық талаптарды анықтау, техникалық бағандар мен жоғары қысымға арналған шегендік эксплуатациялық бағандардың конструкцияларын құрастырудағы қиындықтарды ескере отырып, жарамды кондукторлық шеген құбырын құрастыру;

  • шеген құбырды есептеудің, түрін, көлбеулігін, салмағын және олардың бір-бірімен қосылыстарын анықтаудың қажеттіліктерін түсіндіру;

  • энергетика және коммуналдық шаруашылық Кеңесінің нормативтік құжаттарын тауып, ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі техникалық операцияларға қандай құжат қолданылатынын анықтау;

  • ұңғыманы бұрғылаудың жоспарының мазмұнына жататын бөліктерін атау және әр бөлік үшін қажеттілерді көрсету;

  • берілген телімде бұрынғы ұңғымаларда қолданылған бұрғы қашауы жайлы деректерді жинақтап, олардың ішінен ең тиімдісін таңдап алып, өз бұрғылау жоспарыңа оны енгізу;

  • кондукторлық және эксплуатациялық шеген бағандарды құрастыру;

  • кәдімгі ұңғымаларды шеген бағандарды цементтеуге қажетті құрғақ цементтің салмағы мен цемент ерітіндісінің көлемін есептеу;

  • кәдімгі ұңғымалар үшін цементтің техникалық сипаттамаларын есептеп, бөлектейтін зоналарды анықтап, бөлектеу үшін қажетті цементтік тығынды дайындау.

60 / 3.0



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет