3. Оқыту әдістері:
Оқыту ресурстары:
Электрондық оқулықтар
Үлестірме материалдар
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
5.1. Альберта Эдукейшн. Химиялық мәліметтер буклеті. 2003
5.2.Дженкинс, және басқалары. Химия (Альберта 20-30) Торонто, Oнтарио: Нельсон. 2007
6. Курсты бағалау жүйесі
Семестрлік жұмыстар
|
10 %
|
Зертханалық жұмыстар
|
10 %
|
Сабақтар бойынша тесттер
|
50 %
|
Қорытынды емтихан
|
30 %
|
Барлығы
|
100 %
|
Бағалар шкаласы
Пайыздық баға
|
Әріптік баға
|
Балдық баға
|
90-100
|
A+
|
4.0
|
85-89
|
A
|
4.0
|
80-84
|
A-
|
3.7
|
77-79
|
B+
|
3.3
|
73-76
|
B
|
3.0
|
70-72
|
B-
|
2.7
|
67-69
|
C+
|
2.3
|
63-66
|
C
|
2.0
|
60-62
|
C-
|
1.7
|
55-59
|
D+
|
1.3
|
50-54
|
D
|
1.0
Ең төмен өту балы
|
0-49
|
F
|
0.0
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім
ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Мұнай-газ ісіне кіріспе
Мамандығы: Мұнай және газ өндіру технологиясы
Біліктілігі: Геология және минералдық ресурстар саласындағы технолог
Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау, бұрғылауға қызмет көрсету жөніндегі технолог
Астана 2012ж.
Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.
№____хаттама2012ж. «___» _____
ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков
Мазмұны
бет
|
|
|
1.
|
Түсіндірме жазба
|
106
|
2.
|
Курстың мазмұны
|
107
|
3.
|
Оқыту әдістері
|
109
|
4.
|
Оқыту ресурстары
|
109
|
5.
|
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
|
109
|
6.
|
Курсты бағалау жүйесі
|
109
|
Түсіндірме жазба
Осы эксперименттік білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы) сәйкес әзірленді.
«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәні студенттерді мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтермен, мұнайдың және табиғи газдың физикалық-химиялық негіздерімен, сондай-ақ кен орындарын игеру негіздерімен таныстыру курсы болып табылады.
Модульдердің жалпы саны: 6
Сағаттар саны: 80
Кредиттер саны: 2.0
«Мұнай-газ ісіне кіріспе» пәнінің бағдарламасы білім ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Жұмыс білім беру бағдарламасын әзірлеу кезінде білім ұйымы, жұмыс берушілердің және жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін, аймақтық компонентті жүргізу бөліміндегі бағдарламалық материалды оқу жүйелігіне негізделген өзгерістерді енгізуге құқығы бар.
Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде оқытудың жаңа технологияларын, электрондық оқу құралдарын, аудио және видео материалдарды, әдістемелік көрнекті құралдарды қолдану, сондай-ақ әртүрлі формаларды, оқу процесінің ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.
Арнайы пәндермен пәнаралық бірлесу студенттердің оқып үйренетін пәнін мамандық, келешек еңбек қызметі масштабтарында толық қабылдауын қалыптастырады, әртүрлі оқу бағдарламаларының өзара байланыстарын түсінуге көмектеседі.
2. Курстың мазмұны
Модуль 1. Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың физикалық-химиялық қасиеттері
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Мұнайдың, табиғи газдың және қабатты судың негізгі физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру, және осы білімдерді кен орындарын игеру және бұрғылау кезінде қолдану.
Модуль тапсырмалары:
Мұнайдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену
Мұнайдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену
Табиғи газдың негізгі физикалық қасиеттерін оқып үйрену
Табиғи газдың негізгі химиялық қасиеттерін оқып үйрену
Қабатты сулардың құрамы мен қасиеттерін оқып үйрену
Модуль 2. Мұнай, газ және газконденсат кен орындары туралы негізгі мәліметтер
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Мұнай мен газдың пайда болу негіздерін түсіну, кен орындарының пайда болу табиғатын түсіндіру.
Модуль тапсырмалары:
2.1. Мұнайдың пайда болу негіздерін оқып үйрену
2.2. Газдың пайда болу негіздерін оқып үйрену
2.3.Қабат жинаушы, жинақтағыш тұтқыштар, кендер сияқты ұғымдарды танып білу
2.4. Кен орындарын түрлер бойынша жіктеу
2.5.Жыныстардың құрамы мен қасиеттерін (кен орындарының тау-кен геологиялық параметрлері, өткізгіштігі) оқып үйрену
Модуль 3.Мұнай кен орындарын игерудің негіздері және ұңғымаларды пайдалану
Оқудың нәтижесі (білімі және қабілеті):
Кен орындарын іздеу мен барлаудың әртүрлі тәсілдерін түсіну және қолдану, іздеу-барлау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттау.
Модуль тапсырмалары:
3.1. Ұңғыма, ұңғыманы бұрғылау ұғымдарын танып білу
3.2. Бұрғылау ұңғымаларының мақсаттары мен тағайындалулары бойынша жіктеу
3.3. Кен орындарын іздеу мен барлау тәсілдерін танып білу
3.4. Іздеу кезеңі туралы білу және тану
3.5. Барлау кезеңі туралы білу және тану
3.6. Кен орынның өнеркәсіптік құндылығы туралы білу және тану
3.7. Кен орындарының тау-кен геологиялық параметрлері туралы білу және тану
3.8. Мұнай кендерін жіктеу
Достарыңызбен бөлісу: |