Тақырыбы: «Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен» оқу пәні ретінде. Гүлді-сәндік өсімдіктер туралы жалпы түсінік



бет1/2
Дата27.05.2022
өлшемі33,72 Kb.
#35804
  1   2
Байланысты:
ГШлдн Лек №1


Дәріс №1
Тақырыбы: «Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен» оқу пәні ретінде. Гүлді-сәндік өсімдіктер туралы жалпы түсінік
Сағат саны:1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1.«Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен» оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері.
2. Гүл шаруашылығы өсімдік шаруашылығының бір саласы және ботаниканың бір бөлімі ретінде. Оның басқа пәндермен байланысы.
3. Гүлді-сәндік өсімдіктер және ландшафтық дизайн туралы жалпы түсінік.
4. Ландшафттық дизайн тарихына қысқаша шолу.

«Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерімен» пәнінің мақсаты гүлді-сәндік өсімдіктердің маңызы, биоалуантүрлілігі мен биологиялық ерекшеліктері туралы біртұтас дүниетанымды қалыптастырып, ландшафтық дизайнның мәнін ашу.


Пәннің негізгі міндеттері:
- гүл шаруашылығында қолданылатын гүлді-сәндік өсімдіктердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері туралы теориялық білімді игеру;
- гүлді өсімдіктерді тұқымнан және вегетативтік жолмен көбейтудің әдістерін нақты меңгеру;
- гүлді-сәндік өсімдіктердің даму биологиясы мен экологиясы туралы білімге негізделген агротехникасын оларды ашық және жабық грунтта өсіруде практика жүзінде қолдана білу;
- гүлді-сәндік өсімдіктерді ландшафттық дизайн мен жабық интерьердің фитодизайнында қолдануға, түрлі орта жағдайында өсірілген өсімдіктердің жайына өздігінен ғылыми негіздеме жасай білуге қажетті теориялық және практикалық білімді қалыптастыру.
Оқу пәнінің мазмұнын игеру барысы қамтиды:
-интерьерді көгалдандыру және ашық кеңістіктерді гүлдермен безендіруде кеңінен қолданыс табатын гүлді-сәндік өсімдіктерді;
- аталған түрлердің экологиялық-биологиялық және сәндік өсімдік ретіндегі ерекшеліктерін;
- мәдени түрлерді өсірудің технологиясын және оларды гүлдермен безендіру ісінде қолдану ерекшеліктерін.
Оқу пәнінің мазмұнын меңгеру барысында күтілетін нәтиже:
- ашық және қорғалған топырақта сәндік гүлді өсімдіктерді тұқымнан және өсімтал мүшелерінен өсірудің тәсілдерін қолдана білу;
- гүл шаруашылықтарында, гүлзар мен интерьерде өсірілетін гүлді-сәндік өсімдіктерге кәсіби түрде күтім жасау;
- гүлдермен безендіру ісі үшін өсетін орта, тіршілік жағдайы әр түрлі гүлді-сәндік өсімдіктерді құрамдастыра білу;
-гүл шаруашылық мекемесінің өндірістік күшін анықтай алу.
Гүл шаруашылығы ландшафттық дизайн негіздерінің зерттеу пәні гүлді-сәндік өсімдіктер. Оқыту үрдісінде өтілетін тақырып аясында тірі өсімдіктер немесе олардың кеппешөптері, түрлі иллюстрациялық материалдар мен презентациялар қолданылады. Алынған теориялық білімді бекіту, сонымен қатар ашық және жабық грунтта өсірілетін гүлді-сәндік өсімдіктердің биоалуантүрлілігімен және оларды өсірудің агротехникасымен танысу мақсатында көгалдандыру және гүл өсірілетін орталықтарына, ботаникалық бақтарға топсаяхаттар қарастырылады.
Өсімдік шаруашылығы өзінің құрамына бірқатар, жекелеп айтқанда
егіншілік, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, гүл, шалғындық және орман шаруашылықтарын біріктіреді.
Гүл шаруашылығы – өсімдіктердің арнайы бір тобын қамтитын өсімдік шаруашылығының бір саласы ретінде қарастырылады. Бұл өсімдіктердің топтары адамдардың тағамдық немесе өзге де материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін емес, негізінен олардың қоршаған ортасына, мекемелер мен тұрмыстың интерьеріне эстетикалық мән-мағына береді. Олар мәдени түрде өсірілетін өсімдіктердің арасындағы саны мен биоалуандылығы жағынан ең көп тобы.
Өз кезегінде сәндік (декоративтік) өсімдіктердің жабайы шығу тегі – ботаника ғылымының зерттеу нысаны болып танылады. Өсімдіктер систематикасына негізделе отырып, декоративтік өсімдіктердің атаулары жалпы қабылданған ботаникалық принциптерге сүйенеді.
Гүл шаруашылығы жоғары сатыдағы (Cormobionta) өсімдіктердің жабық тұқымдылар (Angiospermae) немесе магнолофиттер (Magnoliоphyta), ішінара папоротник тәрізділер (Polypodiophyta), плаундар (Lycopodiophyta), ашық тұқымдылар (Gymnospermatohyta) бөлімдері өкілдерін қамтиды. Магнолиопсидтер (Magnoliоpsida) мен лилиопсидтер (Liliоpsida) кластарынан Asteraceae, Rosaceae, Malvaceae, Caryophyllaceae, Liliaceae тұқымдастарының гүлді-сәндік өсімдіктерінің гүл шаруашылығында мәні зор.
Гүл шаруашылығында да өсімдіктердің бинарлық атауы мен оны ашқан, атаған, сипаттаған ғалымның фамилиясы толық немесе қысқартылып беріледі (1-ші сөз түр жататын туыс, 2-ші сөз түрдің атауы). Морфологиялық белгілеріне қарай гүлді-сәндік өсімдіктер жіктелуі жүзеге асырылады. Өсімтал мүшелерінің, соның ішінде өркеннің түрөзгерісі бойынша төмендегідей жіктеу бар: тамырсабақты, пиязшықты, түйнекті, түйнекпиязшықты және т.б.
Гүл шаруашылығы ботаника, өсімдіктер физиологиясы, генетика мен селекция, топырақтану, агрохимия, өсімдіктер экологиясы және т.б. пәндермен тығыз байланысты. Декоративтік будандардың, сорттардың, формалардың ассортиментін шығаруда негізгі көңіл полиплоидияға бөлінеді. Полиплоидия – хромосомдар санының артуынан туындайтын тұқымқаулайтын өзгергіштік. Оның қолданылып жүрген түрлеріне хромосомалар құрамасын триплоидты 3n, пентаплоидты 5n секілді тақ сандарға (анортополиплоидтар) немесе тетра-4 n, гекса - 6 n, орто-10 n сынды жұп сандарға ұлғайту (ортополиплоидтар) жатады. Алынатын полиплоидтардың орта жағдайларының қолайсыздығына, зиянкестер мен түрлі ауруларға төзімділігі жоғары болып келеді. Полиплоидтарда бастапқымен салыстырғанда гүлдері немесе гүлшоғырларың пішіні мен саны, түстері, гүлдердің түктілігі, күлтелерінің әсем иректілігі, жалпы гүлді өсімдіктің сыртқы келбетінің оңтайлы өзгеруі көрініс береді.
Сонымен қатар, қазіргі таңда түрлі физикалық, химимялық, механикалық факторлармен әсер ету барысында, яғни индуцирленген (индуцированные) полиплоидтар алу жолға қойылған: температура, ионизациялау, сәулелермен әсер ету; колхицин және т.б. заттармен өңдеу, ұлпаларды зақымдау, центрифугалау т.б.
Гүлді өсімдіктердің саналуан ассортиментін шығаруда гетерозистік гибридтер F1 зор маңызға ие. Бұл ретте гегерозис бір немесе бірнеше белгілер бойынша көрініс береді – өсімдіктің сырт келбеті мен жекелеген өзгерістер жапырақтар, гүлдерде және т.б. мүшелерде, әрі физиологиялық-биохимиялық көрсеткіштерінде байқалады. F2-гибридтер де қолданылады, оларда негізінен тек гүл түстерінің өзгерісі көрініс береді, ал қалған белгілері өзгеріссіз қалады. Климаттық, экологиялық және агротехникалық жағдайлар туралы меңгерілген білім гүлді өсімдіктерді өсіру барсында оңтайлы орта қалыптастыру үшін өте қажет деп танылады.
Гүлді-сәндік өсімдіктер дегеніміз жоғары дәрежеде декоративтік маңызы болғандықтан адамдардың мекен ету орталарын, интерьерлерді гүлдендіруде, кесілген гүл өнімдерінен түрлі композициялар жасауда қолданыс табатын шөптесін және бірқатар сүректі өсімдіктердің топтары. Гүл шаруашылығында ашық топырақта өсірілетін 4 мыңнан астам, жабық интерьердегі бөлме өсімдіктері 2 мыңдай түрлерді біріктіреді деп саналады. Қазіргі таңда гүлдердің мәдени түрлерінің көптеген сорттары, декоративтік формалары алынған. Осынау сан алуантүрлілігі бар гүлді өсімдіктер өзара бір-бірінен сәндік және шаруашылықтық-биологиялық белгілерімен ерекшеленеді.
Сәндік белгілерінің қатарына өсімдіктің морфологиялық ерекшеліктері жатады. Ол өсімдіктің сыртқы келбеті (габитусы), өлшемі мен сабағының өсу сипаты. Гүлдердің саны, гүлдер мен гүлшоғырларының орналасу реттілігі және олардың түр-түсі, көлемі, пішіні, гүл сидамның ұзындығы мен беріктігі, жемістерінің түсі мен пішіні.
Шаруашылықтық-биологиялық белгілерінің қатарына тұқымдық немесе вегетативтік тұрғыдан алғандағы өнімділік қабілеті, өсу ортасына талабы, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімділігі, түрлі аурулар мен зиянкестерге қарсы тұруы және т.б.
Сәндік өсімдіктер, бұл әдетте және көбінесе бақшалар мен саябақтарды, алаңдарды және демалуға немесе қызмет көрсетуге, өндірістік және тұрғын үй-жайларға арналған қалалық, ауылдық аумақтардың арнайы үлескелерін безендіру үшін өсірілетін өсімдіктер. Сәндік өсімдіктерді өсіру қызметі сәндік көгалдандыру деп аталады.
Ландшафттық дизайн, бұл әдемілік пен үйлесімділікті біріктіретін өнер түрі. Ландшафттық дизайн ұғымының мәнін екі бағытта қарастыруға болады:
1) Негізгі құрам бөлігіне арнайы бір үлескені жобалау мен оны бөлімдерге бөлу, сол жердің орта жағдайын есепке ала отырып (топырақ құрамы, жарықтың түсуі және т.б. байланысты) сәндік өсімдік түрлерін таңдап алу, оларды белгіленген үлескеде үйлесімділікте орналастыру. Осы аймақ көлемін архитектуралық, скульптуралық жекелеген элементтермен, су қоймалары жәнежүргізілген жолдармен көгалдандыру өнері;
2) Бақ пен саябақ өнерін ұйымдастыру секілді үлеске аумағын мақсатты түрде жобалау, сонымен қатар, арнайы таңдап алынған өсімдік формаларымен үндестігін, сәндік төселімдер, талапқа сай жарықтандыру және басқа дизайн элементтерін қолдана отырып шектелген кеңістік көлемін әсем жұмақ бұрышына айналдыру.
Ландшафттық дизайнның даму тарихы бірнеше мың жылдармен саналады және оның басталуын Ежелгі Египет, Ежелгі Рим, Ежелгі Греция мен Ежелгі Шығыстан іздеу керек деп танылады. Біздің эрамызға дейінгі 4-5 мыңжылдықта ауқатты египеттіктердің декоративті бағы туралы мәліметтер сақталған. Ніл өзенінің жағалауындағы бөлінген орындар уақыт өте келе сән-салтанатты үй маңының бағына айналған. Гректердің бақтарындағы декоративті және ерекше (көгалдандыру массиві террасса түрінде) безендірулердің басымдығы, фонтандардың, бұралмалы баспалдақтардың қолданылуы ежелгі египеттіктердің бақтарымен салыстырғандағы артықшылықтарын көрсетеді.
Негізінен алғанда орта ғасырда бақтар мен саябақтарды жобалау ісі аса өзгеріске ұшырамаған, регулярлы болып қолданылған. Алынған үлескелер шаршы (квадрат) және тікбұрыштарға қажетінше бөлініп, емдік шөптер және жеміс- жидек түрлері өсірілген. Осы кезде бұралаңқы бір- бірімен қосылған жолдар пайда болған. Орта ғасырда көкорайды және алқаағаштарды ботаникалық бақ деп санауға болатын.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырда ландшафтық дизайн ерекше танымалдыққа айналып, ХҮІІІ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап бақ- саябақ өнерінде регулярлы стиль пайда болған. Бір осьтен таралатын симметриялы таңдаулы композиция жасау (архитектуралық ғимараттар, фонтандар, скульптуралық композициялар, әңгімелесетін орын, галерея, каскадтар) және басты ғимараттан бақ немесе саябақтың түкпіріне жетелейтін сәулелі, диагональды аллеялар ұйымдастыру қарастырылған.
Арнайы отырғызулар үшін желектері геометриялық дұрыс пішінді, қырқу- шырпуды жақсы көтеретін ағаштар мен бұталардың түрлері іріктеліп алынған, сонымен қатар таңдаулы, әдемі гүлдейтін декоративті тікбұрышты және шаршылы клумбалар құрылғаны белгілі. Қарастырылып отырған регулярлы жобалауға үнемі жаңа дәстүрлер енгізіліп, кеңістік тарамдалып отырғанымен, керекті негізгі шаблондар бұрынғысынша сақталынған.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары регулярлы бақтар мен саябақтар қолданысы бәсеңдеген (оларды ұстау аса қомақты қаражатты, адам күшін қажет ететін). Осы кезеңнен пейзажды немесе ландшафты стиль өзінің бастауын алады. Бұл стильдің ерекшелігі оның табиғилығы мен қарапайымдылығында деп танылған. Пейзаждық бақта шекарасы анық көрінбейтін көлеңкелі ағаш топтарына, алаңқайлар мен иректелген жолдарға, бұлақтарға, үйлесімді топтастырылған гүлді-сәндік өсімдіктерге, шалаш, ферма түрінде жасалған құрылыстарға және т.б. орын, ерекше мән берілген. Ландшафты стиль, бұл шпалер, боскеттер мен партерлер геометриялық қатаңдығымен созылмалы аллеяларға, арасында көкшалғынды ашық алаңқайлармен ұласып, біртіндеп жеке (солитер) ағаштармен, қоршаулармен орын ауыстырған стиль.
ХІХ ғасырдың ғасырдың аяғында өнеркәсіптік өндірістің күрт өсуіне байланысты адамдардың табиғаттан алыстауы байқалып, адамдар өзінің үйінің маңайын абаттандыруға тырысты, жасанды тоған, талдар, аллеялар мен гүлзарлар жасады. Қаланың аздаған саябақтары қалалықтардың табиғатпен қарым-қатынасын қамтамасыз ете алмады. Нәтижесінде аллеялар мен бульварлар пайда болды. Біртіндеп дәстүрлі бақ-саябақ өнері ландшафтық дизайн түсінігіне айналған.
Ландшафтық дизайн - белгілі бір аумақта өсімдіктер, тастар, су және кіші архитектуралық формалар атмосферасымен табиғи және антропогенді пейзаж құру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет