Қосымша оқу 1.
Калгинбаева Ж., Матаева С., Сыздыкбаева Р., Абильдаева Г., Ангаралиева П.,
Шатырбеков А. «Сабақты зерттеу» әдісін оқыту үдерісіне енгізу тәжірибесінен.
Астана, 2016.
2.
Ошақбаева А. Сабақты зерттеуді қалай сапалы жүргізуге болады. Астана, 2016.
7-күн Сабақтың тақырыбы: Талдау және рефлексия негізінде қорытынды шығару Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылар зерттеу сабағының нәтижелеріне сүйене отырып, қорытынды
шығарады.
Жаттығулар 1-сабақ 1.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
2.
Тыңдаушылар «Зерттеу сабағы туралы рефлексия» үлестірме материалын
негізге алып, 6-күні өткізілген зерттеу сабағы туралы рефлексия жасау
барысында айтылған оқушылардың оқуын жақсартуға қатысты ой-идеялар мен
пікірлерді тағы бір рет еске түсіре отырып, ол ойлардың барлығын флипчартқа
жазады.
3.
Бүкіл топ болып жұмыс істей отырып, оларды төмендегі салалар бойынша
жүйелеп топтастырады: оқушының оқуын жақсарту; оқушының ынтасын
арттыру; оқушының мінез-құлқына ықпал ету.
4.
Тыңдаушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жоғарыдағы үш саланың біреуін
беру. Тыңдаушылар осы салаға қатысты айтылған ойларды жинақтап, ортақ
қорытынды шығарады. Жұмыс барысында «Сабақтан кейінгі пікірталасты
жазу нысанын» пайдалануға болады.
5.
Әр топ қорытындыларын бүкіл топқа хабарлайды. Кері байланыс.
6.
Сабақты қорытындылау.
2-сабақ 7.
Тыңдаушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Бұл сабақтың Сабақты
зерттеу үдерісінен мұғалімдер не ала алатынын, не үйрене алатынын, қандай
тәжірибе жинақтайтынын талдауға арналатынын жеткізу.
8.
«Тізбектелген сабақтарды талдау», «Мұғалімдер жинақтайтын тәжірибе» атты
үлестірме материалдармен жұмыс.
9.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Зерттеу сабағының нәтижелерін талдауда не қиындық тудыруы мүмкін?
ә) Зерттеудің оқушылардың оқуын дамытуға, олардың оқуға деген ынтасын
арттыруға ықпалы қандай?
10.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтары болса, оларға жауап
беру.
11.
Үй тапсырмасы: бүгінгі сабақтарда жасалған қорытындыны есепке ала
отырып, оқыту тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажеттігі туралы ойларын
жазбаша жазу