Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет19/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61
11-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Іс-әрекеттегі зерттеу тәсілінің кезеңдері
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеу тәсілімен, оның кезеңдерімен танысып, зерттеу 
кезеңдерін талдайды.
Жаттығулар
1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Таныстырылым мен 1, 2, 3-үлестірме материалдарды пайдалана отырып, іс- 
әрекеттегі зерттеудің кезеңдерімен таныстыру.
3.
Тыңдаушылар шағын топта іс-әрекеттегі зерттеудің әрбір кезеңін, бұл кезеңде 
өз тәжірибесін зерттеуші мұғалім не істеу керектігін талдай отырып, әр кезеңде 
орындалатын шаралар және назар аударылуы тиісті мәселелердің тізімінен 
тұратын нұсқау әзірлейді.
4.
Әрбір шағын топтың әзірлеген нұсқауын бүкіл топ болып талқылау. Қажет 
болса, бүкіл топтың ортақ нұсқауын әзірлеу.


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
22
1-2-сабақтар
5.
«Дайындық» үлестірме материалымен жұмыс. Іс-әрекеттегі зерттеуге 
дайындық сатысында мұғалім таңдап алынған тақырыпты мүмкіндігінше 
тарылта отырып, іс-әрекеттегі зерттеу нақты қандай мәселеге бағытталатынын 
шешеді. Өз тәжірибесін ой елегінен өткізіп, тәжірибесінің қай қырын 
жетілдіргісі келетінін анықтайды. Қазіргі кезде белгілі бір нәтижеге қол 
жеткізген саланы таңдап, осы салада басқа әдісті қолданып көруге болады. 
Ол үшін бұл салада тиімді болатын әдіс туралы басқа адамдармен алдын ала 
сөйлесе алады. Таңдаған әдісті қолдану / іске асыру үшін мұғалімге белгілі бір 
ресурс және әріптестерінің көмегі қажет болуы мүмкін. Бұл кезеңде бастапқы 
шаралар орындалып, шешім қабылданады.
6.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Осы кезеңдердің барлығын түсіндіңіздер ме? Қандай кезеңді түсіну қиын 
болды?
ә) Осы тақырыпқа қатысты қандай сұрақтарыңыз бар?
7.
Сабақты қорытындылау. Тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беру.
8.
Үй тапсырмасы: қосымша оқуға ұсынылған әдістемелік құралдарды оқу
Қосымша оқу
1.
Ермуханова Г., Жаксылыкова Г., Калиева З. Из опыта внедрения проекта Action 
Research. Астана, 2015.
2.
Идришева З. Ултанбаева С. Практическое руководство по проведению 
Исследования в действии. Астана, 2015.
3.
Сагинова К., Атейбек С., Ермагамбетова Г. Мұғалімнің өз тәжірибесін зерттеуі. 
Астана, 2015.
4.
Сапарова Г., Айдарханова И., Адильжанова Д. Ғылыми-педагогикалық зерттеу 
тәсілдері оқу үдерісін жетілдірудің қуатты құралы ретінде. Астана, 2015.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет