Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет21/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74
Қалыптастырушы бағалау 
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға 
ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты 
қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. 
Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:
қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және 
бекіту; 
ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі 
үшін қолайлы жағдай жасау; 
уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны 
ояту. 
Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері: 
-
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну; 
-
оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) 
оқытуға арналған орта құру; 
-
оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты 
қамтамасыз ету; 
-
оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру; 
-
оқушыларға өзінің оқуын «құрушы/жасаушы» ретінде жағдай жасау болып табылады. 
Тиімді оқыту және оқу мақсатында оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін олардың 
оқу мақсаттарына жеткендігінің немесе алға ілгерілеуінің деңгейі қадағалануы тиіс. 


36 
Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге 
асыруды талап етеді: 
-
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау; 
-
қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау; 
-
қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау; 
-
кері байланыс беру. 
Жиынтық бағалау 
Жиынтық бағалау – оқу бағдарламаларындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар және белгілі 
бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқталғанда жүргізілетін 
бағалау түрі. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға оқушылардың 
оқу жетістіктері туралы ақпарат ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар 
және белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда 
балл, баға қою арқылы өткізіледі. Бұл оқушының белгілі бір кезеңдегі оқу бағдарламасы 
мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді.
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасына, оқу жоспарына 
сәйкес бөлім немесе ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде өткізіледі. Жиынтық бағалаудың 
аталған түрінің нәтижесінде білім алушыларға тоқсандық баға қою кезінде ескерілетін балл 
қойылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары оқу 
мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес құрастырылады. Бөлім/ортақ тақырыптар 
бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру, жоспарлау бекітілген критериалды бағалауды 
өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың 
рәсімдер саны жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік ұсыныста берілген. 
Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі, оқушының оқу бағдарламасы 
мазмұнын білуі, дағдысы, түсінуі туралы дәлелдерді ұсына отырып, тоқсандағы оқуға қатысты 
ілгерілеуді өлшейді. Алынған нәтиже тоқсандық баға қою кезінде ескеріледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау жұмысы ойлау дағдыларының деңгейлерін, соның ішінде 
жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын (талдау, синтез, бағалау) бағалайтын түрлі деңгейдегі 
тапсырмалардан тұруы қажет. 
Мұғалімдерге арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықта жиынтық бағалауды 
жоспарлау, ұйымдастыру кезеңдері (бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық жиынтық 
бағалау), нәтижелерді талдау, тоқсандық жиынтық бағалау қорытындысын модерациялау 
үдерісін ұйымдастыру және өткізу жолдары толық сипатталған.Критериалды бағалау жүйесі 
және оны оқу үдерісінде қолдану туралы толық ақпарат «Негізгі орта және жалпы орта білім 
беретін мектепт мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» 
әдістемелік құралында ұсынылған. 
Әрбір оқушы үшін оқу мақсатына жетудегі оқушының оқу жетістіктерін көрсететін 
портфолио жинақталып, ол қалыптастырушы бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
Портфолио – білім алушылардың мақсатты түрде жинақтаған, олардың оқудағы 
нәтижесін, ілгерілеуін, белгілі бір оқу жылындағы бір немесе бірнеше пәндер бойынша 
жетістіктерін көрсететін жұмыстары.
Портфолиода көптеген деректер қамтылуы мүмкін, соның ішінде: 
-
жазбаша жұмыстар (мысалы, оқушының жұмыс дәптерлері, зерттеу жұмыстарының 
қорытындылары, мұғалімнің жұмыстарға берген пікірлері); 
-
фотосуреттер немесе бейне дәлелдемелер (мысалы, оқушылардың салған суреттері, 
сыныптағы көрме, модельдер, оқушылар қатысқан көрсетілім және оқушылар қатысқан іс-
шаралар); 
-
электронды нұсқадағы жұмыстар (мысалы, таныстырылымдар, құжаттар, 
анимациялар); 
-
мұғалімнің кері байланысы, пікірлері, ұсыныстары; 
-
оқушының рефлексиясы. 


37 
Портфолиода сондай-ақ, білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ 
тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған жұмыстары, балл 
қою кестелері, білім алушылардың рефлексиялары, мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері 
байланыстары болуы қажет. 
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, 
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын 
дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеуде 
қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылатындығы ескерілуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет