34
-
мұғалімдер оқушылардың жұмыстары туралы ауызша және жазбаша кері байланыс
ұсынады, бұл кері байланыс уақтылы, айқын болып, нақты критерийлерге негізделеді (OECD,
2005).
Оқу бөлмесі негізінен күрделі оқу ортасы болып табылады және дәстүрлі оқытумен
салыстырғанда, белсенді оқу мен жекелеген оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
осы күрделіліктің артуына ықпал етеді. Мұғалімдер «сыныпты тыныштандырудың»
(мұғалімнің сабақта тыныштық сақталуын қадағалауы, өзінің сөйлеуі) орнына, оқушылардың
мағынаны түсіну,
заңдылықты байқай алу, шешім қабылдау мен тұжырымдау, түзете
алатындай етіп орындалуын бақылау құзыреттіліктерін қалыптастыруы және дамытулары
керек (Hattie, 2012). Мұндай хабардарлық мұғалімдер өздерінің тәжірибесі туралы және
оқушылардың үлгеріміне тигізетін
ықпалы туралы ойланып, ой елегінен өткізген жағдайда
ғана дамитын болады. Сол себепті тыңдаушылардың осындай ойлау дағдысын арттырып,
білім беру бағдарламасында көзделген белсенді оқу тәсілдеріне жаттығып дағдылануы үшін,
біліктілікті арттыру курсы аясында ықшамсабақ жаттығулары қарастырылған. Сабақтарда
қамтылатын белсенді оқу тәсілдері тәжірибелік, эксперименттік, пікірталас, жоспарлау және
бағамдау жаттығуларын жүргізіп, топтық жұмыс және
ықшамсабақтар ұйымдастыруды
көздейді. Бұл тәсілдерде оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін сыныпта
қолдануға болатын тәжірибелік идеялар қамтылған.
Достарыңызбен бөлісу: