Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет31/74
Дата19.04.2023
өлшемі1,59 Mb.
#84651
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74
Жақын 
арадағы 
даму 
аймағы 
(ЖАДА) 
Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын, 
орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар 
ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі. 
Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын 
сыныптастары болуы мүмкін. 
Жиынтық бағалау білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау
белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің 
көрсеткіші 
болып 
табылады, 
бағалаудың 
бірыңғай 
критерийлерінің негізінде жүзеге асады.


50 
Кері байланыс 
белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп, 
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы 
пікір, баға беру, жауапты реакция. 
Креативтілік 
(ағыл. create – жасау, creativeжасампаз, шығармашыл) 
индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан 
ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға 
дайындығымен ерекшеленетін және тәуелсіз фактор ретінде 
дарындылық құрылымына кіретін шығармашылық қабілеті
сондай-ақ проблемаларға өзгеше қарап, оларды ерекше 
тәсілдермен шешу қабілеті. 
Критериалды 
бағалау 
оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен 
мазмұнына сәйкес, ұжым талқысынан өткен, оқушыға, ата-анаға 
және мұғалімге түсінікті, нақты анықталған критерийлерге 
негізделген бағалау үдерісі.
Қалыптастырушы 
бағалау 
мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да 
қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен 
қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға 
ретінде тіркелмейді). Қалыптастырушы бағалау сыныптағы 
күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының 
ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы 
мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу 
үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді. 
Құндылықтар 
баянды, мызғымас негізгі ішкі қағидаттар мен стандарттар. 
Түйінді құндылықтар өте тұрақты болып келеді, ал өзгерсе өте 
баяу, әрі ұзақ уақыт бойы өзгереді. Түйінді құндылықтар біздің 
өмір, өзіміз және бізді қоршаған адамдар, жалпы адамдардың 
әлеуеті 
және 
қоршаған 
адамдардың 
әлеуеті 
туралы 
көзқарасымыздың қалыптасуына негіз болады. Сондай-ақ 
құндылықтар дегеніміз біздің сенетін дүниеміз, олар біздің 
қоршаған ортаға деген қарым-қатынасымызды және мінез-
құлқымызды анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет