2
Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған
© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018
Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе
таратуға тыйым салынады.
3
Түсініктеме жазбасы
Мұғалімнің жұмыс дәптері «Мұғалімге арналған нұсқаулық» құралына қосымша
әдістемелік құрал болып табылады.
Жұмыс дәптеріне мұғалімдер біліктілікті арттыру барысында зерделейтін және одан
әрі әріптестерін үйрету тәжірибесінде қолдануға арналған тапсырмалар кіреді.
Тапсырмалар біліктілікті арттыру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес жасалған және
бөлім/ортақ тақырып, тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды
талдау, бағалау, сондай-ақ оларды өз бетінше әзірлеу және сараптау дағдысын
қалыптастыруға бағытталған; бағдарлама мазмұнын мұғалімдердің өз бетінше меңгеруіне
септігін тигізеді.
Мұғалімнің жұмыс дәптері сабақтың мазмұнын ашуға көмектесетін түрлі мазмұнды
материалдарды қамтиды: ақпараттық («Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік
құралында берілген материалмен танысу және талдау), тәжірибелік (тапсырманы орындау
және өз тәжірибесінде пайдалану туралы ойлану, қорытынды жасау) және бағалау
құралдары (өзін-өзі бағалау, сабақтың тақырыбы немесе тапсырманың мазмұны бойынша
рефлексия жасау).
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар «жеңілден күрделіге», «теориядан тәжірибеге»
және керісінше, «тәжірибеден теорияға» қағидаттары бойынша құрастырылған.
Материалды қабылдауды және кең ауқымда кешенді түсінуді оңайлату мақсатында сурет,
сызба, кестелер қолданылған.
Әр тапсырманың соңында мұғалімнің өз ойын, жауабын жазуға арналған бос
орындар бар, сондай-ақ ол жерде мұғалімдердің орындалған тапсырманы түзету және
жетілдіру мүмкіндігі бар. Бұл сабақ тақырыбы бойынша игерген білімді жүйелеуге
мүмкіндік береді. Тапсырмалар шиыршық қағидаты бойынша құрастырылған: сабақтан
сабаққа алға ілгерілеген сайын алдыңғы материалды қайталау арқылы бағдарлама
материалы күрделене түседі. Әр сабақтың оқу мақсаты белгіленіп, күтілетін нәтижеге қол
жеткізуге қатысты рефлексия жасалады. Семинарға қатысушы мұғалімдердің
психологиялық тұрғыда жайлы ортада (оқу ортасы) жұмыс істеу мүмкіндігі
қарастырылған (тапсырманы жеке, жұпта, шағын топта орындау, әріптестердің бір-біріне
ауызша/жазбаша кері байланыс ұсынуы, т.с.с.).