Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет50/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88
Бақылау сұрақтары:
1.Статистикалық көрсеткіштермен жұмыс жасаудың қандай тиімді жолдары бар?
2.Графиктік сызбалар мен диаграммалармен жұмыс жасаудың тиімді жолдары?
3.Статистикалық кестелермен жұмыс жолдары
4. Сабақ барысында экономикалық есептерді пайдаланудың қандай жолдары бар?
Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 221-229 беттер
18 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытуды ұйымдастыру. География сабақтарының негізгі тұрпаттары мен құрылымдарының ерекшеліктері

  1. Қазіргі география сабақтары және оған қойылатын таалаптар

  2. География сабақтарының негізгі тұрпаттары мен құрылымдарынң ерекшеліктері.

Мақсаты: Географияны оқытуды ұйымдастыру. География сабақтарының негізгі тұрпаттары мен құрылымдарының ерекшеліктері жайлы мәліметтермен танысады
Тірек сөздер: Географияны оқытуды ұйымдастыру, құрамдасқан сабақ, жаңа материалдарды оқып-үйрену сабағы, білімді тексеру және тіркеу сабағы, білімді жинақтау сабағы
1. Қазіргі география сабақтары және оған қойылатын талаптар.Мектеп географиясының мазмұны, оқыту құралдары, әдістері мен тәсілдері тағы да басқа арнайы құрулары негіз болатын оқытуды ұйымдастыру нышандырын қандай да бір оқу материалдарымен жұмыс істеу барысындағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы айқындайды.Осыған орай оқытуды ұйымдастыру нышандары-бұл бекітілген ереже бойынша және белгілі бір тәртіпте жүзеге асырылатын мұғалім мен оқушының үйлесімді іс-әрекеттерінің сыртқы көрнісі.Қазіргі кезеңдң мектептерде сыныптық оқыту жүйесі кең таралған.
Оқытуды ұйымдастыруды таңдауды оқытудың мақсаты ,оқытылатын пәннің мазмұны ,оқушылардың жасы ,жұмыс орны мен уақыты айқындайды.
Географияны оқытуды ұйымдастыру нышандары алуан түрлі жіне олар пәнді сыныпта және сыныптан тыс оқыту болып екі топқа бөледі .Бірінші топқа сынып шегінде дамитын сабақ пен дәрістік-семинарлық-сынақтық оқыту жүйелері жатады. Екінші топқа оқу экскурсиялары,кеңес берулер ,олимпиадалар ,қосымша сабақтар ,қоғамдық білім байқаулары ,оқушылардың үйде орындайтын жұмыстары жатады.Оқытуды ұйымдастыру көбінесе оқыту сипатына ,мұғалім мен оқушылардың және оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты болады.Оқушылардың санына ,мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының ерекшеліктеріне қарай оқу әрекетін ұйымдастыру нышандары жаппай ,жеке,топпен болып бөлінеді.
Оқытуды ұйымдастыру нышандары алуан түрлі болуына қарамастан оқу үрдісін ұйымдастырудың ең негізгісі ,әрі бастысы сабақ болып қалады.Ол басқа нышандардың ішінде орталық орынды алады.Сабақ бұл педагогиканың екі жақты бірлігі айқын көрініс тапқан оқытудың белсенді және көп нұсқалы нышаны.Онда бір-бірімен қарама-қарсы күресетін элемент нормативтік пен шығармашылық бар.Сабақ осы қарама-қайшылықтардың дидактикалық бірлігін қамтамасыз етеді.Сондықтан сабаққа шығармашылық тұрғысынан қарау жақсы білім берудің нормативтік бастауы болады.Сабақты оқытудың басқа нышандарынан ажырататын белгілеріне сабақ кесетесі бойынша жұмыс істейтін тұрақты оқушылар тобы бар мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылар жұмысының белгіленген уақытпен шектеуі жатады.Сабаққа тән негізгі белгілердің бірі оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру ,оларды өз бетімен білім алуға үйрету ,өздік жұмыстарды жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Мектеп жұмыстарына түбегейлі сапалық өзгерістер енгізіліп жатқан қазіргі кезеңде мұғалімдернің жеке тұлғасы мен сабаққа баса назар аударылуда.Авторы болғандықтан педагогикалық шығарма ретіндегі сабақтың мазмұны мен көркем безендірілуіне мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттері ,таланты мен шеберлігі ,қазіргі мектептің мақсатын оқу-тәрбие үрдісінің міндеттерін қайта құруды түсінуі әсер етеді.
Қазіргі кезеңде сабақтың жеке тұлғаны қалыптастырудығы маңызын ескеріп оларды өткізудің бұрын жасалған әдістеріне өзгерістер енгізілуде.Оқу тәрбие үрдісінің мақсатын ,мазмұнын,құралдарын ,әдістері мен ұйымдастыру нышандарына байланысты география сабақтары көптеген астары болуымен ерекшеленеді.
Сабақтың өзегі оқі пәнінің мазмұны арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру болса,оның негізгі мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің бірлігі болып табылады .Бірақ бұл сабақ дәстүрлі ,ал мұғалім оқу әрекетінің субъектісі болып ,оның нұсқаған талаптарын оқушылардың өз бетімен жұмыс істей отырып білім алуларына,танымдық тәжірибелерді жүйелейтіндей,зияткерлік және тәжірибелік әрекеттерін оятатындай басқа жаңа әдістер қажет.
Сабақтың рөлін оқушыларға жеке тұрғыдан қарау, сынып пен оқушылардың жеке топтарын ерекшеліктерін ескеру айқындайды.Сабақты ұйымдастырудың біршама маңызы құрамдасбөліктеріне мұғалім мен оқушылар әрекетінің ара салмағы, оныңбарлық кезеңінің өнімділігіне кепілдік беретін барлық оқушылардың оқу жұмысымен қамтылуы жатады.Сабақтың нәтижесінде оқушылар жаңа білімді, ойлаудың тәсілдері мен ережелерін меңгеріп,іскерлік-дағдылары, дүниетанымдары, өмірге көзқарастыры қалыптасады.
Қазіргі қоғамның мектепке сәйкес оқытуды ұйымдастырудың жаңа қабілеттерінің ашылуына және тұлға ретінде қалыптасуы жүретіндіктен қазіргі сабақ оқушылардың өмірінің ажырамас құрамдас бөлігі ретінде қарастыру керек.
Дәстүрлі және қазіргі сабақтардың айырмашылығының бірінші көрсеткіштері қызметін құрылымы мен мазмұнын айқындау мұғалімнің дайындық кезеңінде басталатын кез-келген сабақтың мақсаты атқарады.
Географияны оқыту әдістемесі негізделетін қазіргі дидактикада алдыға қойған оқу материалдарын меңгеру мақсатына жетуді көздейтін міндеттерді төрт топқа бөледі.Олар білімді меңгерту; іскерлік-дағдыларды қалыптастыру шығармашылық қабілетті дамытып тәрбиелеу .Бұл міндеттерді мектеп географиясы курстарының тарауларының, тақырыптарының алдына қойған мақсатына жетудің құралы,тәсілдері ,оқушыларға білім мен іскерлік-дағдыларды меңгертумен тәрбие жұмыстары қатар жүргізуін тығыз байланысты болады.Қазіргі сабақтың мақсаты білім берудің барлық құрамдас бөліктерін пайдалана отырып оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастырып,оқу уәжін ,ойлауы мен қабілеттерін ,қабылдауын, есте сақтауын ,сөйлеуін ,көру арқылы ұғынуын дамытуға бағытталған.
Әрбір сабақтың мақсатын айқындау барысында мұғалім нені меңгеру қажет?Жеке тұлғаның қандай қызметін қамтамасыз ету керек?Мазмұны қандай құндылықтарға бағытталуы қажет?деген үш сұраққа жауап беруі тиіс.
Осыған орай сабақтың мақсаты –бұл оқушыларға әлеуметтік белсенділік ,өзін қоршаған шындықтық әр түрлі ауқымдағы оқиғаларын ой елегінен өткізу дағдылары ,өз беттерімен шешім қабылдау ,үздіксіз білім алу қабілеттері сияқты жеке тұлғаға тән сапалық қасиеттерді тәрбиелеу арқылы құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
Дәстүрлі және қазіргі сабақтардың айырмашылығының екінші көрсеткіші мұғалімнің сабақтағы рөлі мен қызметінің өзгеруі.Дәстүрлі сабақта мұғалімнің негізгі қызметі оқу ақпаратын беріп олардыоқушылардың меңгеруіне жағдай жасау.Мұндай сабақтарда түсіндіретін ,әңгімелесу жүргізетін ,көрнекі құралдарды көрсететін мұғалім ғана белсенді болып,Оқушылар тек оның нұсқауларын ғана орындайды.
Алуан түрлі оқу бағдарламалары мен оқулықтардың, көптеген оқыту құралдарының болуына байланысты мектеп геогрфиясы сыныпта ,жергілікті жерде өткізілетін сабақтарда ,оқу танымдық жорықтар мен топ серуендер барысында оқушылардың өз бетімен жүргізілетін танымдық әрекеттерін ұйымдастыруға барлық жағдайлар жасалған.Қазіргі сабақтағы оқытудың негізі оқушылардың өз бетімен жүргізетін оқу әдістері болып табылады.
Қазіргі сабаққа тән біршама маңызы белгі оқушылар мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі ,ынтымақтастық ахуалының қалыптасуы.Дәстүрлі сабақтарда қарым-қатынаста мұғалімнің авторлық мақамы басым .Қазіргі сабақ оны өткізудің әр түрлі нышандарын таңдауда .теориялық және тәжірибелік әрекетте ,оқу еңбегін нәтижелерін бағалауда мұғалім мен оқушылардың белсенді білім алуын оятып ,іскерлік-дағдыларын қалыптастыруға ,шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуге ,оқытылатын жекеленген тақырыптардың мақсатын қою және жоспарлау ,жолдастарына кеңес беру сияқты мұғалімнің кейбір қызметін оқушыларға береді.
Географияның дәстүрлі сабақтарында оқытуды ұйымдастырудың басқа нышандарымен, басқа пәндермен байланыспаған жеке болады. Қазіргі сабақ кестесінің шегінен жиі шығатын пәнаралық соқпапқтарда ,шағын қорықтарда, кітапханаларда өткізілетін топ серуендермен тығыз байланысты.Сабақ екі пәннің шегінде өткізілуі мүмкін .Географияны оқыту әдістемесінің тәжірибесінде қосарланатын сабақтар бар.
Қорыта айтқанда оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі нышаны болып қалатын сабақ өзгеруде. Бүгінгі таңда сабақтың басты мақсаты білімнің мұғалімнен оқушыға берілу емес, жүйелі түрде шығармашылықпен жұмыс жасау арқылы өз беттерімен алу .
Мектеп жұмысын қайта құру кезеңінде сабақты құру барысында оқушылардың танымдық әрекеттерінің заңдылықтарында қабілеттерін қалыптастыруға ,өз беттерімен жүргізілетін әрекеттерді танымдық міндеттерді қоюды ,оқу мәселесін шешуді үйретуге сөйлеу әрекетін дамытуға пікір алысуға дағдыландыруға баса назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет