Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет46/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Бақылау сұрақтары:
1.Компьютерді география сабақтарында пайдаланудың қандай тиімді жолдары бар?
2. Флипчарт дегеніміз не?
3. Интербелсенді тақтаны география сабақтарында пайдаланудың тиімділігі қандай?
Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 208-220 беттер

16 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс жасау әдістері



  1. Әртүрлі коллекциялармен жұмыс.

Мақсаты: Геограафияны оқытудың негізгі құралдарымен жұмыс түрлеріне анықтама беру.
Тірек сөздер: карта, глобус, оқулық, статистикалық мәлімет.
Тау жыныстары мен минералдар коллекциясы.Өндіріс пен шығу тегі жайында құрылған объектілер коллекциялары география бойынше білім беруге қажет.
Оларды сабақта қолдану әдістері алуан түрлі. Оқытушының тау жыныстары туралы мәліметі тау жынысының коллекциясын көрсетумен байланыстырылуы мүмкін. Ал оқушылар орындарында отырып, тау жынысын оқулықтан көріп салыстырып отыруына болады.
Кейбір жағдайда көрнекі құрал оқушының өзіндік жұмыстарды жасауын қажет болып табылады. Бұған мысал ретінде, IV сыныпта тау жыныстары мен минералдардың физикалық қасиетін анықтайтын зертханалық жұмыста қолдануын келтіруге болады. Оқушылар үш – төрт тау жыныстар үлгісін алады: тақтада тау жыныстары сипатталатын сызба беріледі.
Топырақтар коллекциясы. Орта мектеп үшін топырақ қабаттары үлгісімен топырақ коллекциясы шығарылады. Топырақ туралы дұрыс білім қалыптастыру үшін коллекцияны топырақ қабаттары туралы суретпен байланыстыра қарастырған дұрыс; оларда топырақтар қабаттарының қасиеттері айқын байқалады.
Кеппешөп. Мектептерге таратылған кеппешөптер алуан түрлі. Кейбіреулерінде өсімдіктер таралуына қарамастан берілсе, кейбіреулерінде зоналар бойынша таратылады. Сонымен қатар, техникалық өсімдіктер мен орманды қорғайтын белдеу өсімдіктерінің кеппешөптері беріледі.
Оқушылардың өлкетанулық жұмыстары нәтижесінде жасалған кеппешөптер ұсақ таксономиялық бірліктер бойынша құрылуы мүмкін: отындық, бұталы, шөптесін өсімдіктер, жеке бірлестік өсімдіктері, жергілікті өлкенің маусымдық өсімдіктері және т.б.
Кеппешөптер арқылы өсімдіктің тамыр жүйесінің құрылымын, оның таралу тереңдігін, қоректену жағдайын, гүлдену және көбею ерекшелігін, таралу шекарасын сипаттауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет