6 апта №11 дәрістің тақырыбы: Географияны негізгі оқыту құралдарымен жұмыс
Оқыту құралдарына жалпы шолу
Көрнекіліктің атқаратын қызметі
Мақсаты: Географияны негізгі оқыту құралдарымен танысады
Тірек сөздер: оқыту құралдары, нағыз нысандар, нақты географиялық нысандар мен құбылыстардың бейнелері, заттарды шартты белгілермен (белгі, сан, сөз) бейнелеу
1. Оқыту құралдарына жалпы шолу. Оқыту құралдары оқытудың негізгі міндетін шешуге сәйкес табиғат пен қоғам туралы географиялық білімді қалыптастыру үшін қажет. Олардың негізгі қызметінің бірі оқушыларды оқыту мен тәрбилеу болып табылады. Оқыту құралдары әсіресе физикалық, экономикалық және әлеуметтік географияны оқыту барысында оқушылар тікелей көзбен көру арқылы есте сақтауды қажет ететін нысандар мен құбылыстарды түсіндіруде ерекше орын алады. Табиғи ортаны қарастыратын қандайда бір пәнді оқыту барысында оқытылатын нысанға тән белгілерді анықтау мүмкін болмайтындықтан оларды ашып көрсету үшін сызба – нұсқалар, шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін интербелсенді виртуальды үлгілер жасауды қажет етеді. Оқушылардың танымдық қабілеті дамытуға мүмкіндік береді оқыту құралдары маңызды білім көзі қызметін атқарады.
Оқыту құралдары географияны оқытудың мақсаты мен оның мазмұнына, сонымен катар, қазіргі талаптарға сәйкес жасалады. Олар оқушылардың оқушылар мен мұғалімдердің іс – әрекетіне бейімделіп құрылып, уаұыт пен энергияны аз жұмсайтындай және білім алуға ыңғайлы болуы тиіс. Оларды ғылыми – техникалық прогрестің заманауи жетістіктерін қолдана отырып құрады. Қазіргі кезеңде табиғатта жүретін құбылыстар мен үдерістердің шынайы уақыт жүйесінде жұмыс істейтін интербелсенді виртуальды үлгісін «Macromedia flash», «3ds max» компьютерлік бағдарламаларының көмегімен құрады.
Оқыту құралдарын жіктеумен танысу оларды дұрыс пайдалануға көмектеседі. Мектеп географиясы шынайы нысандар мен құбылыстарды және кеңістік – аумақтық жүйелерді оқытатындықтан оқыту құралдарын топтастыруға георгафиялық нысандарды бейнелеу сипатына қарай жіктеу қағидасына негізделу тиімді. Осыған орай оқыту құралдарын төмендегі топтарға бөлуге болады:
Нағыз нысандар:
сынып жағдайында оқытылатын табиғи нысандар мен шаруашылық әрекетінің заттары;
тікелей танымдық жорықтар мен экскурсиялар барысында оқытылатын табиғи нысандар мен шаруашылық әрекетінің заттары. Бұл құралдар оқылатын нысандар мен құбылыстарды және олардың қасиеттері туралы ұғымды тікелей көру арқылы қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Нақты географиялық нысандар мен құбылыстардың бейнелері:
Жер беті мен шаруашылық нысандарының көлемді үлгілері;
Географиялық карталар, құбылыстар мен үрдістердің арасындағы бір ізді себеп –салдарлы байланыстардың, шикізаттан дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістің технологиялық тізбектерінің сызба – нұсқалары, көлденең қима – сызбалар, оқу бейнефильмдері сияқты жазықтықта кескінделген көрнекі құралдар.Бұл топтағы оқыту құралдары да табиғи және шаруашылық нысандар мен құбылыстар туралы бейнелі ұғымдар мен түсініктерді қалыптастырады.
Заттарды шартты белгілермен (белгі, сан, сөз) бейнелеу:
Вербальды (мәтіндік негізінде басылып шыққан оқулықтар, анықтамалар, дәптерлер, мәтіндік кестелер);
Графикттік сызба – нұсқалы құралдар (табиғвттағы және әлеуметтік – экономикалық құбылыстар мен үрдістердің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсететін құрылымды сызба – нұсқалар);
Графиктік – статискикалық құралдар (графиктер диограммалар, кестелер);
Бұл топтағы оқыту құралдары ұғымдарды қалыптастыру, нысандарға, құбылыстар мен үрдістерге тән қасиеттерді, олардың кеңістік – аумақтық таралу ерекшеліктерін ашу мақсатында қолданылады.
Табиғат құбылыстарын бақылап оларға талдау жасауды көздейтін заттар (жергілікті жерде өлшеу жұмыстарынжүргізуге арналған приборлар);
Табиғат құбылыстарының сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған приборлар;
Жердің тәуліктік және жылдық қозғалысын көрсететін приборлар;
Бұл топтағы құралдардың қызметі – оқушыладың приборларды пайдалану жүргізген өлшеулерді тіркеу, жиналған деректерді талдау және өңдеу дағдыларын қалыптастаруды көздейді.
Географиялық білім мен іскерлік – дағдылардың ерекшеліктеріне байланысты мектеп географиясы алуан түрлі оқыту құралдарына негізделуді талап етеді.Географияны оқу барысында оқушылар Қазақстанның материктер мен елдердің табиғатын оқып – үйрену барысында оқушылар жер қойнауымен, атмосферамен танысып, жердің өткен тарихының құпияларына енеді. Сыныпта және жергілікті жерде алуан түрлі сарамандық жұмыстар орындайды. Мұның барлығы георгафиялық карталар, кестелер, интербелсенді ақпараттық технологиялық құралдар, тау жыныстары мен минералдардың өнеркәсіптік кәсіпорындары өндірген өнімдердің үлгілері, приборлар мен құрал – жабдықтр сияқты алуан түрлі оқыту құралдарын қажет етеді.