Оқыту құралдарның оқытылатын географиялық нысандар мен құбылыстар туралы оқушылардың білімдерін толықтыру және тереңдету қызметі. Бұл қызмет оқыту құралдарын оқу – тәрбие үдерісінде географиялық түсініктерді меңгеруде, құбылыстар мен үдерістердің түзілу заңдылықтарын ашуда білім көзі ретінде пайдалануға көрініс тапқан.
Жергілікті жерде ұйымдастырылатын оқу – танымдық жорықтар барысында жүргізілетін ьақылаулар табиғи немесе әлеуметтік – экономикалық нысандарды көру арқылы есте сақтауға мүмкіндік береді.
Ойша есте сақтау оқушылардың санасында көрмеген нысандарды оқулықты, басқа да географиялық мәтіндерді оқу барысында қалыптасады. Бұл жағдайда қойыдған педагогикалық мақсатқа сәйкес тақырыптың мазмұнын ашып, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін оқыту құралдары іріктеліп алынады.
Білім көзі ретіндегі жеке ұғымдарды қалыптастыру үшін оқушыларға Алакөл, Қаратал өзені,Талдықорған аккумулятор зауыты сияқты нақтылы жеке нысандарды таныстыру немесе оларды ашып көрсететіндей оқыту құралдарын ұсыну қажет.Бұл құралдарымен жұмыс істеу жеке ұғымдар қалыптасады.
Географиялық нысандар мен құбылыстар туралы жалпы ұғым – бұл алуан түрлі оқыту құралдарының көмегімен қалыптастырылған бейне болып табылады. Жеке және жалпы ұғымдар георгпафиялық білімнің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.Олардың оқушыларда болуы георгафиялық түсініктерді қалыптастыруға негіз болатын алғышарт болып табылады.
Психологтардың анықтауы бойынша түсінік – бұл байланыстар мен қарым – қатынастардың жан – жақты ашып көрсету негізінде зат (нысан, құбылыс, үрдіс) туралы біршама жинақталған шынайы білім. Оқушылардың ойлауында абстракциялау деңгейдегі ұғымдардан гөрі географиялық түсінік біршама жоғары сипатта болады. Сондықтан Жетісу Алатауы,Сарыарқа, Марқакөл сияқты жеке ұғымдарда басқа нысандардан айырмашылығын ашып көрсететін тек сол нысанға немесе құбылысқа ғана тән жеке белгілері ған болады.Мысалы, Сарыарқа каледон мен герцин жасындағы қалдық таулары бар ұсақ шоқылы таулы үстірт болып табылады.Жоғарыда аталған белгілер Сарыарқаны жазықтадан ажыратады.Көл түсінігін қалыптастыру үшін көрнекі құралдарды қолдана отырып су толған тұйық қазаншұңқырладың, жағалауының болуы сияқты барлық көлдерге ортақ белгілерді анықтау қажет. Суының тұздылығы, шығу тегі, тереңдігі сияқты басқа белгілер бұл түсінікті колдануға қалыптастырылмайды. «Көл» түсінігін толық меңгертіп оның шынайы бейнесін қалыптастыру үшін қазаншұңқырларының шығу тегі әр түрлі бірнеше көлді көрсету қажет.
Географиялық білімнің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын заңдылықтарды қалыптастыру тек оқыту құралдарының көмегімен жүзеге асырылады.Заңдылықтарды бейне түрінде беру мүмкін болмайтындықтан оқыту құралдары негізінен картографиялық материялдар мен сызба – нұсқалар қолданылады.