Бақылау сұрақтары: 1.Қазіргі география сабақтары және оған қойылатын талаптар
2.География сабақтарының негізгі тұрпаттары мен құрылымдарының қандай ерекшеліктері бар?
3. Құрамдасқан сабақ түсінігі?
4.Білімді тексеру және тіркеу сабағы, білімді жинақтау сабағы қалай түсінесіңдер?
Әдебиет: Тоқпанов Е.А, Мазбаев О.Б, Увалиев Т.О, Асубаев Б.Қ Географияны оқыту әдістемесі. Алматы 2015 жыл 229-241 беттер
апта
№19 дәрістің тақырыбы: Географияны оқытуды ұйымдастыру
Мектептегі мұғалімнің орны мен рөлі.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Мақсаты: Географияны оқытуды ұйымдастыру жайлы түсінікпен танысады
Тірек сөздер: мектеп, мұғалім, жас ұрпақ, ұстаздың сабаққа әзірлігі, этика, эстетика
1. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы.
Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық- саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік. Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық- педагогикалық көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нышар- тума іске жарамдылық белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады. Мұғалімнің мамандық- көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы процесін басқарады. Бұл олардың педагогика ғылымының методологиялық негізі мен категориялары, оқушы дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты мен міндеті, әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің құралдары мен теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және баланың жас кезендеріне сай дара- психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, дайындықты талап етеді. Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді..
2.Алдыңғы қатардағы мұғалімдердің сабақтарының системасындағы ең маңыздылары мыналардан тұрады:
1. Өткен материалды бекітуге және сүйеніш білімді айқындауға бағытталған машықтандыратын жаттығуларды, өз бетімен істейтін немесе шығармашылық жұмыстарды енгізу жолымен сабақтың бірінші минутынан бастап оқушыларды жұмысқа кірістіру.
2. Ескі және жаңа материалды біріктіріп қосу, сондықтан сабақта жаңа материалды түсіндіру мен ескі материалды қайталаудың аралығында көрсетілген шекара жоқ. Жаңа білімнің қалыптасу кезеңінде жаңа байланыстарды анықтау жолымен оқушылардың бұрынғы білімін мүлде жетілдіре түсіп, мұғалім бұрын өтілген тарауларды қайталайды және толықтырады. Сонымен қатар жаппай өз бетімен істейтін жұмыстарды ұйымдастырғанда жаңа материалдың бекітілуін қамтамасыз етеді.
3. Жаңа материалды оқып білуде оқушылардың өз бетімен істейтін жұмыстарының ролін күшейту. Шығармашылық жұмыстармен айналысатын мұғалімдер, оқушылардың өздері оқулықтан, карталардан немесе лабораторияда біліп алатындарын түсіндіруге босқа уақыттарын жібермейді. Сондықтан мұғалім өз бетімен істейтін жұмыстардың әрбір түріне алдын – ала тапсырмалар дайындап қоюы керек. Жұмыстардың осындай системасы оқу процесін перспективалық жоспарлаумен анықталады.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенділігі, сыныптың көпшілік бөлігінің жауапқа араласуы білім мен іскерлікті игерудің сапасы және беріктігі туралы пікір айтуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың жұмысын сабақтың соңында мұғалімнің жалпы баллмен бағалауына мүмкіндік береді. Географияның сабақтарында әр түрлі міндеттер шешілуі мүмкін: жаңа курс немесе жаңа тақырып бойынша жұмыстың мазмұны мен және түрімен оқушыларды таныстыру, жаңа білімді меңгеріп алу, жаңа ұғымдарды, картамен жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларын, өткен материалды жүйелі қайталау және талдап қорыту. Әдетте сабақтың негізгі мақсаты тәуелді міндеттермен сай келеді. Негізгі оқу – тәрбие міндеттеріне байланысты сабақтың сол не басқа құрылысы айқындалады, яғни оның типі анықталады. Қойылған дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқу сабақтарын өткізудің белгілі жолы сабақ типі болып түсініледі.
Сабақтың типі құрамдас бөліктерінің бір ізділігімен және олардың мөлшерімен, сондай-ақ жұмыс істеудің басым әдістерімен сипатталады. Бір сабақта жаңа материалды түсіндіру, басқа бөлімінде жаттығулар, картаны оқуға машықтану, жеке территориялардың карталары бойынша суреттеме сипаттамаларды құрастыру, үшіншісінде қайталау және т.б. басым болуы мүмкін.