Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл



бет47/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

Жануарлар коллекциялары. Дүние жүзінде жануарлар өсімдіктерге қарағанда үш есе артық. Географияны меңгеруде жануарлар коллекцияларының маңызы үлкен. Жануарлар географиялық қабықтың компоненті болып табылады. Сондықтан оның географиялық қабықтарында таралуы мен көбеюін және т.б. қасиеттерін оқып білу өте маңызды. Жануарлар коллекциясы зоналар бойынша құрылуы керек және теңіздік фауна коллекциясы да болу керек.
Географияда жануарлар өздерінің мекен ететін орталары бойынша бейнеленуі керек және картадан олардың таралу аймағы мен ареалдары айқындалуы қажет.
География пәнін оқыту құралдары әр алуан. Оларға: оқулық, карта глобус, атлас, сонымен қатар, көптеген көрнекі құралдар жатады. Әр оқу құралының мектеп өмірінде, оқу процесінде және география пәнін толық игеруде рөлі үлкен. Ең бастысы осы құралдарды тиісінше сәйкестендіріп, бір бірімен байланыстыра отырып қолдану қажет. Ол үшін, ең алдымен мұғалімнің шеберлігі, кәсібилігі және тәжірибесі қажет. Оқулық пен картаны байланыстыру, картаны кескін картамен беттестіре пайдалану оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады және картаға деген қызығушылығын оятады. Жердің дәл өлшемін беретін глобуспен қалай жұмыс істеу керек екендігін, оның жарты шарлар картасынан айырмашылығы мен артықшылығын көрсету мұғалімнің міндеті.
Құралдар сабақты өткізуді жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар, сабақты қызықты және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
Көрнекі құралдар қатарына техникалық құралдар, географиялық суреттер және көлемді көрнекі құралдар жатады. Осы құралдардың көмегімен, сабақ барысында айтып жеткізе алмаған мәліметті көрсету арқылы жеткізуге болады. Көрнекі құралдар, сонымен қатар, оқушылардың білімін тексеруде таптырмас қажеттілік болып табылады.
Бақылау сұрақтары:

  1. Географияны оқыту типтері қандай міндеттерге жауап беру керек.

  2. Оқушының іскерлігі мен ептілігін дамытуға тиімді әдістер.

  3. Оқытудың дәріс-семинардық түрі қандай.

  4. География сабағының негізгі түрлерін ата.

  5. жаңа сабақты түсіндіру дегеніміз не.

Әдебиет: 1. «Географияны оқыту әдістемесі» пәнінен дәрістік оқу курсы: Оқу құралы/ Ахметова Э.Б., Баймағанбетова Қ.Т., Баубекова Г.Қ., Омарова К.И. –Қостанай: ҚМПИ, 60-64 беттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет