Білім беру бағдарламасы М.Өтемісов атындағы БҚУ-нің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді №9 хаттама 27 мамыр 2022 жыл


Географиялық біліктілікті қалыптастырудағы сарамандық жұмыстың маңызы



бет56/88
Дата08.09.2023
өлшемі312,29 Kb.
#106679
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88
Байланысты:
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТ.ӘДІС.УМКД

2. Географиялық біліктілікті қалыптастырудағы сарамандық жұмыстың маңызы.
Сабақта алған теориялық білімін жергілікті жерде табиғат пен қоғамның арақатынасын күнделікті зерттегенде өмірде қолдана білу. Психолог ғалымдардың зерттеуі бойынша ауызша тыңдаған сабақтың 30%-ы, көзбен көрген сабақтың 50%-ы, тәжірибе жасаған сабақтың 80%-ы есінде қалады. Осы мақсатта негізгі ескерілетін жайттар, бұл оқу-тәжірибелік, сарамандық жұмыстарды көбінесе сабақта жүргізу қажет. Оқушы білімін бекітуде, өмірде пайдалануда маңызы зор. Оларды бірнеше түрге бөлуге болады:

  • математикалық, экономикалық есептер,

  • шеңберлі, бағанды диаграммалар;

  • графиктер сызу,

  • статистикалық кесте;

  • сурет,

  • карта,

  • глобуспен жұмыс.

Педагогика ғылымдарының мектеп оқушыларының білімін жақсарту мақсатында мұғалімдер алдына қоятын аса бір маңызды талаптарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыруы. Мектеп оқулығында материалды жан-жақты түсіндіріп, ұқтыру мен қатар, мұғалім оқушылардың кейбір мәселелерді өз бетімен оқып, жазып, шешіп, нәтижесінде жаңаша бір мәселені біліп үйренуге жаттықтырулары керек. Демек, жаңа білім беру мақсатында оқушылардың өз бетімен жасайтын жұмыстарына үнемі көңіл бөліп, ұйымдастырып отырғаны жөн.
Мектептегі география бағдарламасында сарамандық жұмыстар 1954 жылы ғана енгізілсе, өздік жұмыстар 1960 жылдан бастап өзекті бола бастады
Сарамандық жұмыстар мен өздік жұмыстар әрқашан бірін-бірі толықтырып, жалғастырып отырады. Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қоймай, олардың назарын, білгендерін жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білім негізін біліп алуға құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, іздемпаздығын, тағы да басқа қасиеттерін жетілдіру педагогиканың негізгі мақсаты болса, әр ұстаздың міндеті – оқушылардың білімін түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы жетілдіру болып табылады. Баланың танымдық құштарлығын арттыру, олардың ойлау қабілетін дамыту негізінде ұйымдастырылуы керек.
Оқушылардың өз бетімен орындауына берілетін әрбір тапсырма олардың күші келетіндей түсінікті, көлемі жағынан бағдарламаға сай, мазмұны оларды қызықтырарлықтай әр түрлі болғаны жөн. Әрбір жұмыс орындалған соң тексеріліп тұрылуы қажет. Сыныпта және үйде, географиялық алаңда оқушылардың өз бетімен орындалған жұмысын мұғалім көңіл бөліп тексермесе, онда оқушылар білімге деген жауапсыздық пен ұқыпсыздыққа үйренеді.
Өз бетімен жұмыс жасау оқушыларды тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, төзімділікке, бастаған ісін жемісті етіп аяқтауға тәрбиелесе, ол мұғалімдер үшін оқушылардың еңбегін бағалайтын ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады.
Сарамандық жұмыс жүргізудің пайдасы сол – оқушылардың білігі молаяды, оқығандарының ішінен қажетті нысанды тандап алуға жаттығады, өзіндік пікір айтуға үйренеді. Білім алуға құштарлығын, өмірлік көзқарасын қалыптастырып, іскерлік төзімділік, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді.
Сарамандық жұмыстың тапсырмалары оқушының деңгейіне, қабілетіне, бағдарламаға сай болуы керек. Мысалы: оқулық мәтінімен, қосымша материалдармен, бағананың және шеңберлі диаграммалармен, графикалық т.б. Сөйтіп, сарамандық сабақ оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскелік қабілеттерін дамытып қана қоймай, олардың топпен, өзіндік жұмыс істеуін қалыптастырып, жан-жақты білімін жетілдіруге жетелейді.
И.Я.Лернер біліктілікті мәдениеттің бөлшегі ретінде қарастыра отырып, оны белгілі әрекет әдістемесінің орындалуы деп көрсетеді. Ескертетін жайт, біліктілік – шексіз білім мазмұнының бір бөлшегі: білу – бұл әлі біліктілік емес. Әдістің құралы ретінде біліктілікті қалыптастыруға болмайды. Академик А.В.Петровскийдің пікірі бойынша: «практиканы қайталамаса, біліктіліктің қалыптасуы мүмкін емес». Шынымен де, ешқандай жаттығусыз жергілікті жерді бағдарлау, географиялық координаттарды білу мүмкін емес.
Қайталау және жаттығулар – оқытудың репродуктивті әдістемесі. Ол біліктілікті қалыптастырудың жетекшісі болып табылады. Алайда, репродуктивті мағынада оны жиі қолдануға болмайды. Мектеп оқушылары көп көлемде бір типті жаттығуларды орындай берсе, танымдық қызығушылықтары төмендейді, біліктілікті игеру қабілетін әлсіретеді. Белгілі бір дәрежеде біліктіліктің қалыртасуы жүйеленген болса, онда бұл жаттығу әсерлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет