МАЗМҰНЫ
МЕКТЕПТЕ
БІЛІМ
БЕРУДІҢ
ЗАМАНАУИ
ҮРДІСТЕРІ.
ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИ ДАМУЫН БАСҚАРУДАҒЫ ЖАҢА
МІНДЕТТЕР. ТАБЫСТЫ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІ
6
Мегатрендтер
6
Білім беруге қатысты талаптар
9
Заманауи білім беру мақсаттары 21 ғасырдың талаптарына жауап ретінде 12
Білім беру ұйымының миссиясы мен болашаққа бағдары
24
Мектеп мәдениеті
30
МЕКТЕП
БІТІРУШІ
МОДЕЛІ.
ПЕДАГОГТІҢ
КӘСІБИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ.
ЗАМАН
ТАЛАБЫНА
САЙ
МЕКТЕП
БАСШЫСЫНЫҢ МОДЕЛІ
34
Мектеп бітіруші моделі
34
Педагогтің кәсіби құндылықтары
35
Мектеп директорының моделі
38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
48
ГЛОССАРИЙ
51
1-МОДУЛЬ. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Мақсаты: Мектеп мәдениетін қалыптастыру үшін білім беру процесіне
қатысушылардың құндылық бағдарларын анықтау.
Күтілетін нәтижелер:
1) мектепте білім берудің заманауи үрдістері мен сын-тегеуріндерін талдау негізінде
мектептің миссиясы мен табысты мектеп мәдениетінің көрсеткіштерін әзірлейді;
2) табысты мектептің миссиясы мен мәдениетіне сәйкес заманауи мектеп
басшысының, педагогтер мен түлектердің модельдерін әзірлейді.
Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында «адамдардың өздері, олардың
ерік-жігері, энергиясы,
табандылығы, білімі» болашақ ғасырдағы экономикалық және
әлеуметтік серпілістің жетекші факторы болып табылатыны атап өтілді, ал XXI ғасырда
қоғам дамуының негізгі принципі бірінші кезекте білімділік
деңгейімен айқындалатын
ұлттың бәсекеге қабілеттілігі болды. Халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілік индексін
арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі соңғы онжылдықтарда
бірқатар өзгерістерге ұшырауда.
Білім беру саласындағы инновациялық үрдістер қоғамның жаһандануынан, адами
ресурстардың
жинақтылығынан,
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар
саласындағы үлкен өзгерістерден, қолжетімді және алуан түрлі ақпаратқа,
оның ішінде
интернетке көшуден, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологиялардың, ғылымдағы
инновациялардың артып келе жатқан әсерінен туындайды.
Білімге қойылатын заманауи талаптар Қазақстанның жедел әлеуметтік-экономикалық
дамуын қамтамасыз ету қажеттілігімен, басқару құзыреттілігі
бар және ғылымды қажет
ететін жоғары технологиялық өндіріс пен нарықтың инновациялық дамуы жағдайында
қызмет етуге бейімделгіш-шығармашылық дайындығы бар кәсіби кадрларды даярлау
қажеттілігімен негізделеді
Білімге тек білімді жинақтау және жеткізу процесі ретінде қарауға болмайды.
Білім берудің құндылығы – ең алдымен кәсіби, азаматтық және қоғамдық міндеттерді
белсенді түрде орындау құзыреттілігіне ие адамның жеке тұлғасын қалыптастыру болып
табылады.
Оқушылардың құзыреттілігін игеру процесі тек оқу процесінің мақсаты ғана емес,
сонымен қатар білім беру әрекетінің тиімділігі мен табыстылығының өлшемі болып
табылады.
Құзыреттіліктерді, әсіресе
өз бетінше білімін жетілдіру, өзін-өзі дамыту және өз
бетінше білімді игеру қабілетін мектепте қалыптастыру қажет.
Білім беру құндылықтары – білім беру мазмұнын анықтау үшін негіз болып
табылатын оқу мақсаттары жүйесін құрудағы бағдарлар оқушының жеке тұлғасын
қалыптастыруда жетекші фактор болып табылады.
Қазіргі білім берудің құндылығы – мазмұнға негізделген білім беру, мұнда оқуға деген
негізгі көзқарас оқушының қажеттіліктеріне бағдарланған сыныпқа негізделеді, бастысы –
білім беру ғана емес, оқуға деген ынтаны қалыптастыру, балаларға оқуды үйрету (қалай
оқуды үйрету), оқушылардың құзыреттіліктерін жаңарту қабілетін қалыптастыру.
Біздің балаларымызға берілген білім оларды болашақ әлеміне енуге дайындауы және
осы болашақты жақсарту бойынша белсенді жұмыс жасауға итермелеуі тиіс.
Заманауи мазмұндағы құндылықтар орта білім берудің мемлекеттік стандарттарында
көрсетілген: орта білім оқушылардың білім берудің барлық
деңгейлеріне ортақ болып
табылатын және оқушының мінез-құлқы мен қызметін ынталандыратын тұрақты жеке
бағдарлары болуға арналған ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға
бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: