Білім беру бағдарламасы оқУ ҚҰралы 1-модуль қазіргі білім берудегі


Жаңа экономикада жеке кәсіпкердің, фрилансердің рөлі де айтарлықтай күшейе



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата11.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#67067
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
Байланысты:
Модуль1-Оқу құралы (1)

Жаңа экономикада жеке кәсіпкердің, фрилансердің рөлі де айтарлықтай күшейе 
түсуде, бұл анағұрлым дамыған әлеуметтік дағдыларды, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын 
қажет етеді. 
Өнеркәсіп пен көліктегі, шикізат салаларындағы (ауыл шаруашылығын, орман және тау-
кен өнеркәсібін қоса алғанда) дәстүрлі жұмыс орындары біртіндеп «білім экономикасы» 
(цифрлық, технологиялық, автоматтандырылған және икемді) қалыптастыратын жұмыс 
орындарына жол ашады. Бұл ХХ ғасырда міндетті жалпы білім деп саналған ұғымды түбегейлі 
қайта қарауды талап етеді. 
Бұл өзгерістер құрылымдық жұмыспен толық қамтылмауға және жұмыстың азаюына алып 
келуі мүмкін (WEF 2016). Білім үшін бұл заманауи қоғам мен экономикада адамның табысты 
жұмыс істеуі үшін қажетті функционалдық сауаттылықтың базалық деңгейінің жоғарылауын 
білдіреді. 
ЭЫДҰ-ның «Дағдыларды дамыту болжамында» (OECD 2017) жаһандануға байланысты 
мүмкіндіктер мен талаптар туралы айтылады. Жаһандану және экономикадағы 
қатынастардың артуы әртүрлі елдердің адамдарына өнімді жобалауға, құруға, сатуға және 
маркетингке үлес қосуға мүмкіндік береді. Көптеген компаниялар ұлтаралық сипатта болып 
келеді, көп жұмыс орындары мен мамандықтар аутсорсингке жіберілуде. Нәсілдік және 
лингвистикалық тұрғыдан әртүрлі жұмыс күші қарым-қатынас, ынтымақтастық, ұжымдық 
міндеттерді шешу және мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа әлеуметтік дағдыларды қажет етеді. 


Бұл кросс-функционалдық дағдылар белсенді тыңдауды қоса алғанда, ынтымақтастықты, 
әлеуметтік және мәдени хабардарлықты, адамдарды басқару дағдыларын, икемділікті
эмпатияны және қарым-қатынас қабілеттерін қамтиды (WEF 2016; OECD 2017). 
 
Еңбек нарығында кім сұранысқа ие болады? 
Бизнес, халықаралық ұйымдар жаңа дағдыларға сұраныстарды, жалпы тұлғаның қасиет-
сапасына деген сұраныстарды реттеуге тырысуда. Әртүрлі қасиеттерге басымдық берілуде, 
дегенмен бірқатар ортақ белгілері айқын байқалады.
Заман талабына сай табысты қызметкерге және азаматқа қатысты талаптар ЮНЕСКО 
(UNESCO 2017) баяндамасында қарастырылған:

креативтілік, коммуникация, сын тұрғысынан ойлау, проблемаларды шешу, қызығушылық, 
метатаным; 

цифрлық сауаттылық, IT-дағдылар, технологияларды қолдану дағдылары; 

негізгі оқу сауаттылығы, медиа, ақпараттық, қаржылық, ғылыми, математикалық 
сауаттылық; 

мәдениетаралық қарым-қатынас дағдылары, көшбасшылық дағдылар, жаһандық түсінік; 

бастамашылдық, дербестік, табандылық, жауапкершілік, бейімделгіштік; 

пәндік білім, инженерлік-инновациялық ойлау және жаратылыстану ғылымдарын түсіну. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет