Функционалдық құзыреттілік. Қолдану. Сөздерді құрамына қарай талдай білу; лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны ажырата білу; сөз таптарын ажырату; сөзге морфологиялық талдау жасай білу; сөз тудырушы қосымша мен форма тудырушы қосымшаны ажырата алу; лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны ажырата білу; сөйлеу барысында тілдегі нормаға тән бірліктерді дұрыс қолдана білу; қазақ тіл біліміндегі түрлі ұстаным, бағыттарға қатысты пікірін айта алу; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдана білу; бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарындағы нормадан ауытқу, жүйеге қайшы қателіктерді көрсете алу; есімдіктердің анайы, сыпайы түрін, ортақ, оңаша тәуелдеу, анайы, сыпайы жіктеуді қатысым барысында дұрыс қолдану; тілдегі нормаға қайшы құрылымдарды пайдаланбау; ауызша сөйлеу барысында да, жазбаша тілде де қате жібермеу; қазақ тіл біліміндегі шешімін таппаған мәселелерге қатысты өз ойын айта алу; морфологияны тіл біліміндегі инновациялық парадигмалармен байланыстырып, жаңа қырынан сипаттай алу. Жүйелік құзыреттілік. Талдау, бағалау. Қазақ тіл білімінің түрлі кезеңдеріндегі зерттеуші-ғалымның еңбектерін талдай алу; тіл білімінде талас тудырып жүрген мәселелерге қатысты пікір таластырып, өз ойын дәйектей білу; сөз таптарын, категорияларды тануға қатысты ұстаным-бағытты талдап, дұрыс-теріс жақтарын көрсете алу; әр тілдің табиғатына сәйкес жүйені, норманы көрсетіп, талдау; нормадан ауытқу, тілдегі жүйеге қайшы қолданыстарды көрсетіп, талдау және т.б.
Пән бойынша алған білімін қазақ тілінің лексикалық және грамматикалық жүйесі арқылы ойды жеткізу, әңгімелесушіге әсер ету, қазақ тілінде мәтінді сипаттау, хабарлау, бағалау, жинақтау, түсіндіріп, талқылау үшін пайдалану; тілдер мен әдебиет үдерісін Қазақстандағы, әлемдегі әлеуметтік‑экономикалық, мәдени‑тарихи, саяси жағдайлармен, ҚР конституциялық‑құқықтық негіздерімен үйлестіруге бейімділік.