Академиялық тәртіп ережелері: Барлық білім алушылар ЖООК-қа тіркелу қажет. Онлайн курс модульдерін өту мерзімі пәнді оқыту кестесіне сәйкес мүлтіксіз сақталуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Дедлайндарды сақтамау баллдардың жоғалуына әкеледі! Әрбір тапсырманың дедлайны оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесінде (кестесінде), сондай-ақ ЖООК-та көрсетілген.
Академиялық құндылықтар: 1.Семинар сабақтары мен СӨЖ өз бетімен дайындалатын және шығармашылық сипатта орындалады.
2. Плагиат пен басқа да жалған жұмыс түрлеріне өзге студенттің жасаған жұмысын көшіріп алуға жол берілмейді.
3.Мүмкіндігі шектеулі студенттер E-mail: Smagulova.g@gmail.com қосымша кеңес алуға болады.
Академиялық құндылықтар: Практикалық / зертханалық сабақтар, СӨЖ өзіндік, шығармашылық сипатта болуы керек.
Бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер телефон (+77073983545), alm-ornai@mail.ru; satmuhamet@gmail.com поштасы бойынша консультациялық көмек ала алады.
Бағалау және аттестаттау саясаты
Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Когнитивті (білімдік) Білу.Морфологияның негізгі ұғымдарын, метатілін білу, түбір мен қосымша морфеманы ажырата білу; сөздерді таптастырудың критерийлерін; сөз таптарының, категориялардың ерекшеліктерін; жалғаулар парадигмасын, анайы, сыпайы түрін, сөз тудырушы, форма тудырушы жұрнақтардың ерекшеліктерін білу; қазақ тілінің жүйесін, нормасын үйрену; қазақ тілі морфологиясының зерттелуін, түрлі бағыттар туралы білу Түсіну. Қазақ тілі морфологиясының теориялық негізін түсіну; сөз тудырушы жұрнақ пен форма тудырушы қосымшаның ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылап бере алу; жалғаулар парадигмасын, анайы, сыпайы түрін көрсете алу; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған білімін қорыту, әр сөз табының, категорияның ерекшелігін түсіну; сөз таптарының таным үдерісімен байланысын түсіну; сөздерді таптастырудағы ұстанымдарды меңгеру; тілдегі жүйені, норманы дұрыс түсіну; қазақ тілінің жалғамалылық табиғатына сәйкес қосымшалардың жалғану тәртібін, көптік қосымшасы жалғанатын, жалғанбайтын тұстарды ажырату; есімдіктердің анайы, сыпайы түрін, ортақ, оңаша тәуелдеу, анайы, сыпайы жіктеуді ажырату; қазақ тілі морфологиясы бойынша алған теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолданып, тілдегі норманы, жүйені меңгереді.