Университеттің моральдық-этикалық құндылықтар шеңберіндегі курстың академиялық саясаты
Академиялық тәртіп ережелері:
Білім алушылар сабақтарға қатысу міндетті болып табылады, сабақтарды өткізіп жіберудің ешқандай дәлелді себептері болса, практикалық және жеке тапсырмалардың барлық кешенін кейін орындау міндетті; конспектілерді ұқыпты жүргізу; дәрістер мен практикалық сабақтарда мәселелерді талқылауға белсенді қатысу; уақтылы СӨЖ/СОӨЖ орындау қажет;
Барлық білім алушылар ЖООК-қа тіркелу қажет. Онлайн курс модульдерін өту мерзімі пәнді оқыту кестесіне сәйкес мүлтіксіз сақталуы тиіс.
Білім алушылардың «Ар-намыс» Кодексінің, ҚазҰУ студенті туралы Ереженің, Академиялық адалдық ережелерінің қағидаттары мен талаптарын сақтау;
Академиялық құндылықтар:
Практикалық / зертханалық сабақтар, СӨЖ өзіндік, шығармашылық сипатта болуы керек.
Бақылаудың барлық кезеңінде плагиатқа, жалған ақпаратқа, көшіруге тыйым салынады.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер телефон, adk7575@mail.ru е-пошта бойынша консультациялық көмек ала алады.
Бағалау және аттестаттау саясаты
Критериалды бағалау: дескрипторларға сәйкес оқыту нәтижелерін бағалау (аралық бақылау мен емтихандарда құзыреттіліктің қалыптасуын тексеру).
Жиынтық бағалау:аудиториядағы (вебинардағы) жұмыстың белсенділігін бағалау; орындалған тапсырманы бағалау.
Оқу курсының мазмұнын жүзеге асыру күнтізбесі (кестесі)